қтым. Себебі бұл сынып оқушылары өте ұйымшыл емес, бастары біріге қоймайтын сынып болатын. Ал екінші сабақтан кейін бір топ болсын, бір жұп болсын әрқайсысы өз топтарының немесе жұптарының жеңілмеуіне, қалыс қалмауы үшін атсалысуы керек екенін түсініп үлгірді. Бұрын жақсы оқитын оқушы сөйлеп, орташа оқитын оқушылар үндемей , жауап беруге ұмтылмайтын, тіпті жауап беру керек екені туралы ойланбайтын да еді. Сабақ барысындағы бәсекелестік , жарысып түрлі жұмыстарды орындаудың нәтижесінде оқушылар өзара бір-біріне көмектесетін болды. Тіпті қол көтермейтін оқушылар осы практикалық сабақтар өте бастаған кезден бастап қолдарын көтеріп , азда болса өз пікірін айтуға ынталана бастады. Мұғалімнің сөзінен гөрі өз жолдасының түсіндіргені оларға түсініктірек болды деп деп ойлаймын. . Білім алушылар диалог арқылы тақырып бойынша түсініктерін жеткізеді, әр адамның өз идеясы болатынын түсінеді, өз пікірлерін дәлелді түрде жеткізу дағдыларын қалыптастырады, мұғалімге білім алушының пән бойынша білім деңгейін анықтауға көмектеседі. Өз тәжірибемдегі болған кемшіліктерді жою мақсатында, сабақ сайын диалогтік оқыту әдісін мұғалім-оқушы жағдайында ғана емес, сонымен қатар оқушы-оқушы қатынасында өткіздім. Практика соңында білім алушылар арасында нәтижелі диалог пайда болды. Білім алушылар білім тексеретін сұрақтармен қатар, сыни тұрғыдан ойлануды қажет ететін сұрақтарды да пайдалана бастады.
Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету модулі білім алушылар мен мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының дамуын қарастырады. Білім алушы ақпарат пен идеяларды синтездеу, олардың шынайлығы мен маңыздылығын талқылау, таңдау жасау және өзгелердің идеяларына күмәнмен қарай алуы керек. Менің практикамда білім алушылар арасындағы сыни тұрғыдан ойлау үрдісі, әсіресе, кіші топта ұйымдастырылған жұмыс барысынд
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>