у (таңдау, зерттеу,танысу т. б. ) барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 12 - бет)
Модульдер:
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшіліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олардың оқыту барысында аралас түрде ұсынылатынына бірінші айда тренер өткізген сабақтардан кейін ғана көзім жетті. Бірінші айдан кейін бізді өзіміз қызмет жасап жүрген мектептерге тәжірибеден өтуге жіберді. Әрине , мектепте сабақ өткізу үшін мектеп басшыларымен, сабақ өткізуді қалаған сынып оқушыларымен, сынып жетекшісімен, мектептегі әріптестеріммен түрлі бағытта кеңесіп, түсініктеме жұмыстарын жүргізуге тура келді. Осындай жұмыстың нәтижесінде барып 6-сыныпқа қазақ тілінен сабақ өткізуді ұйғардым. Ол үшін күнтізбелік жоспарға сәйкес "Еліктеу сөздер", "Бейнелеуіш сөздер" , "Одағай сөздер" "Одағай сөздердің түрлері" атты тақырыптарды таңдап алдым. Өзіміз оқып келген жеті модульден қажетінше кіргізе отырып , сабақтарды жоспарлап шықтым.
Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсінуді (Vygotsky ,1978 , Wood 1998) осы бағдарламада айтылған "Білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдер" негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды б
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>