ндікті қолдану үшін өзінің түсінігін және білімін танымдық деңгейге жеткізуі керек және менің оқушыларым жеткізе де білді. Әрине ол үшін кейбір қиындықтардан өту керек болды. Сынып оқушылары ішінде алғаш топқа бөлгенде анаумен отырмаймын, мынаумен отырамын деген сияқты келіспеушіліктер болды. Ал сабақтың өтілу шартын, мақсатын түсіндіргенде алғашқы ойларын тез өзгертті. Топтың намысы үшін атсалысу керек екендерін ұқты.
Тағы бір көзден тыс кетірмей әрқашан қадағалап отыратын жағдай жиынтық және формативтік бағалау. Негізінде курсқа дейін бағалау дегенді мен баға қоюмен бірлестіріп ойлайтынмын (5, 4, 3, 2). Осы курста мен бағалау мен бағаның екі түрлі нәрсе екенін түсіндім, бұрын оқушыларды демеу үшін қолданған сөздерімнің (жарайсың, тамаша) бағалау екеніне таң қалдым. Сонымен қатар "бағалау" латын тіліне қарасақ "бірге отыру" деген сөзден шыққаны қатты ұнады. Әрине адамды бағалау үшін жанында отырып оның қандай екенін, неге шамасы жететініне/ жетпейтініне көз жеткізу керек. Сабақта көбіне Қ. Бітібаеваның "Өзін-өзі бағалау" әдісімен топ басшыларына топ мүшелерін бағалатып отырдым. Олар барынша әділ болуға тырысты барып . Соңында өзім қорытынды шығарып отырдым.
АКТ-ны қолдану модулі көп жаңалықтар әкелген жоқ, ол туралы түсініктерім де өзгермеді. Қазргі кезде АКТ-ны бірсыпыра көмекші ретінде мұғалімдер оқытудың бір бұрышына қойып қою тенденциясы пайда болды. Бірақ мен қызмет жасайтын мектепте интербелсенді тақтаның дұрыс орнатылмауына байланысты бір ғана сабақ өткізуге тура келді. АКТ арине сабаққа көптеген көмегін тигізеді, бірақ оны тек қосалқы құрал ретінде қолдану керек сияқты. Меніңше оқушыларды дайын тақтадағы дайын жұмыспен емес, өздерінің шығармашылығынан туындаған жұмыстар қызықтырады деп ойладым. Сондықтан топпен , жұппен
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>