Бяндама. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 159
  • Скачиваний: 5

Келешегіміз кемел – болашағымыз баянды болсын десек, ұрпақ тәрбиесімен оның алатын білімінің сапасын бүгіннен бастап ойланғанымыз жөн.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім» (Жолдау 2010 жылы) деп атап көрсетті. Мемлекетіміздің ұйымдастырған педагогтердің біліктілігін арттыру курсы халықаралық стандартқа сай білім берудің үлкен қадамы емес па?! Ендеше осындай үлкен жаңашылдықтын қатысушысы болғаныма маған неге қуанбасқа!
Қазіргі білім беру жүйесіне заманауи технологиялар енгізілуде, мысалы сол технологиялардың бірі де, бірегейі, Кембридж университетінің құрған жеті модульден тұратын оқу әдіс - тәсілдерін атап айтуға болады. Құрылған бағдарламаның негізгі идеясына сүйенетін болсақ; Осы Бағдарламаның негізігі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. (мұғалімдерге арналған нұсқаулық 12 - бет). Яғни, осы курстың мақсаты мұғалімдердің тәжірибелерін жетілдіру мен сабақ беру әдіс – тәсіл базасын молайту боп саналады. Осы бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады.Яғни, мұғалімдер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты ғылыми (зерттеу) материалдарымен танысатын болады.Мұндай жұмыс мұғалімдерді Бағдарламаға кіргізілген білім беру мен білім алудағы стратегия мен тәсілдерді қарастыру (таңдау, зерттеу,танысу т.б.) барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 12 - бет)
Модульдер:
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшіліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олардың оқыту барысында аралас түрде ұсынылатынына бірінші айда тренер өткізген сабақтардан кейін ғана көзім жетті. Бірінші айдан кейін бізді өзіміз қызмет жасап жүрген мектептерге тәжірибеден өтуге жіберді. Әрине , мектепте сабақ өткізу үшін мектеп басшыларымен, сабақ өткізуді қалаған сынып оқушыларымен, сынып жетекшісімен, мектептегі әріптестеріммен түрлі бағытта кеңесіп, түсініктеме жұмыстарын жүргізуге тура келді. Осындай жұмыстың нәтижесінде барып 6-сыныпқа қазақ тілінен сабақ өткізуді ұйғардым. Ол үшін күнтізбелік жоспарға сәйкес «Еліктеу сөздер», «Бейнелеуіш сөздер» , «Одағай сөздер» «Одағай сөздердің түрлері» атты тақырыптарды таңдап алдым. Өзіміз оқып келген жеті модульден қажетінше кіргізе отырып , сабақтарды жоспарлап шықтым.
Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсінуді (Vygotsky ,1978 , Wood 1998) осы бағдарламада айтылған «Білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлық көзқарасымен тығыз байланысты Білімді көтеру мақсатында келген оқу барысында көп нәрсені көңілге тоқып, ойға түйіп білімді жетілдіруге деген қызығушылығымыз қойға шапған аш қасқырдай артқан үстіне арта түсті. Әсіресе осы үшінші деңгейлік оқыту курсында мен үлкен байлыққа қол жеткізіп , коп нәрсеге көз жеткіздім. Мысалға әр оқушыға сыни тұрғыда ойлау, өзін-өзі реттеуге, өз-білімін және қасындағы баланың білімін бағалауға ықпал жасап, оқушы пікірімен санаса отырып, оған қолдау көрсету маған ерекше ұнады. Сабақтарды өткізу барысында жасаған әрбір сабақ жоспарын көп ізденіп , түрлі әдіс-тәсілдерді еңгізіп құрғанымнын нәтижесінде біраз нәрсені аңғардым десем де болады.. Бұл тәсілдер: тестік тапсырмалар, «Маған-саған» сұрақ-жауаптар (диалог), кеспе қағаздар бойынша ереже айту (сауалнама) , тірек сызбалары арқылы «Ереже шығару», «Жасырын сөздерді таба отырып образға кіру, сонымен қатар сергіту сәтіндегі «Ойлан да сал!» суретті кестелерді толтыру, логикалық тапсырмалар берілді, «Кітапханада», «Ауыл дүкенінде» тақырыбына дайындаған өзіндік (диалог) жұмыс түрлері сияқты күрделі тапсырмаларды құрастырған мақсатым - мен оқушылардың топпен , жұппен және жеке диалог түрлерінде бір – бірімен талдау, ойлау, талқылау, пікірталасуын , шығармашылығын дамыту болатын. Мен осы сабақ түрлерін өткізгенде оқушыларға білім алуда және ізденуде көп көмегін беретінін түсіндім. Оқушынын дарындылығын және көшбасшылық қасиетінің байқалғанын көрдім. Біріншіден сабақта топпен немесе жұппен жұмыс жүргізген тиімді екенін ұқтым. Себебі бұл сынып оқушылары өте ұйымшыл емес, бастары біріге қоймайтын сынып болатын.Ал екінші сабақтан кейін бір топ болсын, бір жұп болсын әрқайсысы өз топтарының немесе жұптарының жеңілмеуіне, қалыс қалмауы үшін атсалысуы керек екенін түсініп үлгірді. Бұрын жақсы оқитын оқушы сөйлеп, орташа оқитын оқушылар үндемей , жауап беруге ұмтылмайтын, тіпті жауап беру керек екені туралы ойланбайтын да еді. Сабақ барысындағы бәсекелестік , жарысып түрлі жұмыстарды орындаудың нәтижесінде оқушылар өзара бір-біріне көмектесетін болды. Тіпті қол көтермейтін оқушылар осы практикалық сабақтар өте бастаған кезден бастап қолдарын көтеріп , азда болса өз пікірін айтуға ынталана бастады. Мұғалімнің сөзінен гөрі өз жолдасының түсіндіргені оларға түсініктірек болды деп деп ойлаймын. . Білім алушылар диалог арқылы тақырып бойынша түсініктерін жеткізеді, әр адамның өз идеясы болатынын түсінеді, өз пікірлерін дәлелді түрде жеткізу дағдыларын қалыптастырады, мұғалімге білім алушының пән бойынша білім деңгейін анықтауға көмектеседі. Өз тәжірибемдегі болған кемшіліктерді жою мақсатында, сабақ сайын диалогтік оқыту әдісін мұғалім-оқушы жағдайында ғана емес, сонымен қатар оқушы-оқушы қатынасында өткіздім. Практика соңында білім алушылар арасында нәтижелі диалог пайда болды. Білім алушылар білім тексеретін сұрақтармен қатар, сыни тұрғыдан ойлануды қажет ететін сұрақтарды да пайдалана бастады.

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: