ілім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде "Диалог арқылы оқыту" мен "Қалай оқу керектігін үйретуді" ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлық көзқарасымен тығыз байланысты Білімді көтеру мақсатында келген оқу барысында көп нәрсені көңілге тоқып, ойға түйіп білімді жетілдіруге деген қызығушылығымыз қойға шапған аш қасқырдай артқан үстіне арта түсті. Әсіресе осы үшінші деңгейлік оқыту курсында мен үлкен байлыққа қол жеткізіп , коп нәрсеге көз жеткіздім. Мысалға әр оқушыға сыни тұрғыда ойлау, өзін-өзі реттеуге, өз-білімін және қасындағы баланың білімін бағалауға ықпал жасап, оқушы пікірімен санаса отырып, оған қолдау көрсету маған ерекше ұнады. Сабақтарды өткізу барысында жасаған әрбір сабақ жоспарын көп ізденіп , түрлі әдіс-тәсілдерді еңгізіп құрғанымнын нәтижесінде біраз нәрсені аңғардым десем де болады. . Бұл тәсілдер: тестік тапсырмалар, "Маған-саған" сұрақ-жауаптар (диалог), кеспе қағаздар бойынша ереже айту (сауалнама) , тірек сызбалары арқылы "Ереже шығару", "Жасырын сөздерді таба отырып образға кіру, сонымен қатар сергіту сәтіндегі "Ойлан да сал!" суретті кестелерді толтыру, логикалық тапсырмалар берілді, "Кітапханада", "Ауыл дүкенінде" тақырыбына дайындаған өзіндік (диалог) жұмыс түрлері сияқты күрделі тапсырмаларды құрастырған мақсатым - мен оқушылардың топпен , жұппен және жеке диалог түрлерінде бір - бірімен талдау, ойлау, талқылау, пікірталасуын , шығармашылығын дамыту болатын. Мен осы сабақ түрлерін өткізгенде оқушыларға білім алуда және ізденуде көп көмегін беретінін түсіндім. Оқушынын дарындылығын және көшбасшылық қасиетінің байқалғанын көрдім. Біріншіден сабақта топпен немесе жұппен жұмыс жүргізген тиімді екенін ұ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>