рашылдыққа салынуға болмайды;
оқушылардың кейбір теріс қылықтары үшін бағаны жазалау құралы есебінде қарастыруға болмайды;
оқушылар білімін тексеруді және бағалауды сабақтың әрбір кезеңінде іске асыру керек.
Үлгерімді бағалау "балл" есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның өлшемі қандай, соған тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі "5" балдық жүйелер қолданылады.
"5" бағасы - оқу материалын толық, дәл логикалық бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады;
"4" бағасы - оқу материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;
"3" бағасы - жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;
"2" бағасы - оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады;
"1" бағасы - тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателер үшін қойылады.
Оқушылардың білімін тексеру процесінде оларға тек қана баға қоюмен шектелуге болмайды. Мұғалім оқушы оқу материалын қалай ұқты, білімі қаншалықты берік, терең, дәл, анық, міне, осы жағына баса көңіл аудару керек. Оқытушы тексерудің барысында оқушылардың үлгерім динамикасын, білімдерін тексеруде олардың ынтасын зерттейді, тексерудің үнемі жүйелі түрде болып отыруын қамтамасыз етеді.
Оқушылардың үлгерімін сандық белгімен көрсетудің әр түрлі жүйелері "балл" түрінде басқа елдерде де қолданылады.
Венгрия және Чехословакияда бес "балды" жүйе қолданылады. Венгрияда бес - жоғары, бір - төмен баға, ал Чехословакияда бір - жоғары, бес - төмен баға болып қойылады.
Румыния, Голландия және Ауғанстан мектепт
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>