Оқушылардың білім-білік дағдыларын бағалау жолдары

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ерінде оқушыларға 1-ден 10-ға дейін баға қойылады. 10 - өте жақсы, 1 - өте жаман, ал сыныптан сыныпқа көшіру 5-6 сандық белгілерімен бағаланады.
Францияның бастауыш мектептерінде оқушыларға 10 балдық жүйе бойынша, ал лицейде 20 балдық шкала арқылы баға қойылады.
Америка Құрама Штаттарында оқушыларға баға қоюда әріп жүйесі қолданылады: А, В, С - жақсы, Д,Е - жаман баға. Көптеген оқу орындарында бір жастағы әр түрлі дарынды оқушылар топтарға бөлінеді А - дарынды, В - қарапайым, С - қабілетсіз. Оқушының қай топқа жататынын анықтау үшін оны әр түрлі сыннан өткізеді, соның нәтижесінде оған "ақыл-ой қабілетінің коэффиценті" атағын береді. "Дарынды" оқушыларды дамыту үшін ерекше жағдай жасайды, "қарапайым" оқушылар тек ана практикалық білім және пайдалы дағдылардың минимумын алады.
Жапонияда оқушыладың білімін есепке алу және бағалаудың басқа формалары қолданылады, оны мадақтау деп атайды. Мұғалім оқушының жауабын тыңдап болған соң, оған: "Бүгін сенің жауабың өткенге қарағанда әлдеқайда жақсы және тыңғылықты. Мадақтауға тұрарлық. Жарайсың!" - дейді. Бірақ оқушыларға баға қойылмайды. Өткен материалды игеруді есепке алу үшін логикалық есептер жүйесін және әр түрлі тестілер қолданылады. Оларды мұғалім жасайды. Тестілер бойынша оқушылардың жауабын 10-нан 100ұпайға дейін бағалайды. Оқу жылының аяғында оқушыларға мінездеме жазылады, онда әрбір оқушының алған ұпай саны алынады.
Куба мектептерінде емтихан және баға қою жойылған. Толық мінездеме беру жүйесі енгізілген, оған оқушылардың оқу бағдарламасын игеру және мінез-құлқы жөнінде барлық мәліметтер енгізіледі3; 215б. .
Бағалаудың басты міндеті оқушының мемлекеттік білім беру бағдарламасын қаншалықты игергенін тексеру әрі анықтау болып табылады. Бұл көп жағдайда қорытын

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: