Оқушылардың білім-білік дағдыларын бағалау жолдары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

са жақсы дайындалған оқушыға, ал "бес" сабақты толық білетін оқушыға қойылатын еді. Бұл бес балдық жүйе 1846 жылы біржолата бекітіліп, сәл-пәл өзгешеліктермен бүгінгі күнге жетіп отыр. Әрине, бұл тек бес балдық жүйеге қатысты.
Көріп отырғандарыңыздай, бағалау жүйесі ұзақ уақыттан бері қолданылысқа еніп, оқыту үрдісінен айрықша орын тапқанына қарамастан, біршама мәселелер шешімін таппай келеді.
Келесі кезекте осындай мәселенің бірі, білім-білік дағдысын бағалау қызметіне тоқталамын. Бұған қатысты ғалымдардың ойы бір жерден шықпайды, өйткені кей ғалымдар бағалаудың атқаратын үш қызметін атаса, енді біреулері төрттеу екенін айтады, тіпті, бес деушілер де бар. Соның ішінде мен жалпыға мәлім, біршама педагогикалық әдебиеттерде, оқулықтар мен оқу құралдарында кездесетін дәстүрлі үш сипатын сөз етпекпін: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.
Бағалаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.
Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бағалаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілік сезімдері артады.
Дамыту қызметінің маңызы сол - оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды2;212б. .
Жоғарыда айтылып өткендей, баға - бұл тек білімді есепке алу ғана емес, ол сондай-ақ - тәрбиелік құрал. Сондықтан оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды. Оқушыладың білімін бағалау үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет:
оқушы білімінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәлелдеу;
баға әділетті болуы қажет, оқушының бағасын әдейі төмендетуге, оған өте жеңіл-желпі қарауға және ымы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: