ның оқу-таным әрекетінде қарастырсақ, оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал. Ал енді, бұл бағалау жүйесінің қайда әрі қайда пайда болғанына, яғни тарихына көз жүгіртейік.
Оқушылардың білімін, ынтасын санмен белгілеу, яғни бағалау дәстүрі сонау орта ғасырларда неміс схоластикалық мектептерінде қалыптасқан болатын, мақсаты - қоғамның (соның ішінде ата-ананың) балаға қалайша әсер ететінін көрсету. Өзге елдердегі мектептердің тәжірибесіне ешбір қиындықсыз, сондай-ақ түрлі формада енген бұл бағалау жүйесі тез арада оқушыға әсер етуші басты құрал ретінде әлеуметтік маңызға ие болды. Ресей болса, бұл сандық бағалау жүйесіне Батыс елдеріне қарағанда сәл кешірек көшті. Сол кездегі М. В. Ломоносов сыгды ғұлама ғалым оқушылардың білімін тексерудің, оларды ынталандырудың қажет екенін жақсы түсініп, бағалаудың тиімді түрін ұсынған болатын. Оның ойынша, әрбір оқушының білімін, ынтасын үнемі назарда ұстап, күнделікті тексеріп, нәтижесін әріптермен белгілеп жазып отыру керек. Мысалы, Б. О. - бәрін орындады (В. В. - все выполнил), С. Д. Е. - сабаққа дайын емес (Н. З. У. - не знал урока), С. Ж. О. - сабақты жөнді оқымады (З. У. Н. Т. - знал урок не твердо), Ж. Н. - жағдайы нашар (Х. З. - худа задача), А. - ауырды (Б. Б. - был болен). Уақыт өте келе (ХІХғ басы) көптеген гимназияларда әріптік бағалаудың орнына 0-5 аралығындағы сандар қолданыла бастады. "Нөл" оқушының сабаққа мүлдем дайын еместігін көрсететін, және де екі "нөл" алған оқушы қатаң жазалатын (1864ж дейін), "бір" мен "екі" бағалары оқушы жеткіліксіз дәрежеде дайындалып келсе, "үш" орташа дайындығы үшін (немесе ынтасы үшін) қойылатын, "төрт" бол
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>