Зеренді ауданы, Ортақ орта мектебінің
Математика пәні мұғалімі
Токтасина Нұржиян Сабиевна
Оқушылардың білім-білік дағдыларын бағалау жолдары
Бағалау үрдісін зерттеудің маңыздылығы мен өзектілігі көптеген ғалымдардың еңбектерінде, сондай-ақ біршама педагогикалық әдебиеттерде сөз етіледі, себебі кері байланыссыз кез келген үрдісті бақылаудың мүмкін еместігі әрі тиімсіз келетіні белгілі. Оқыту процесінің құрамдас бөлігінің бірі болып табылатын оқушылардың білім-білік дағдыларын бағалаудың мақсаты - оқушылардың әр деңгейдегі алған білім дәрежесін, олардың дайындалу барысындағы жетістіктері мен кемшіліктерін, сондай-ақ оқу жұмысын бақылау мен үлгерімін есептеу әрі мұғалімнің де жұмыс деңгейін анықтау болып табылады. Демек, педагог бағалау барысында, ең алдымен, оқушының білім сапасына мән беруі тиіс. Ал ол болса, мына қасиеттермен сипатталады: "Білімнің толықтығы мен ғылымилығы - белгілі бір оқу пәнінің мектеп бағдарламасына сәйкес өзегі болатын негізгі мағлұматтар, түсініктер мен ұғымдар, ережелер, заңдар, теориялар; білімдерді меңгеру саналылығы - оқушының ғылыми заңдар негізінде фактілерді, құбылыстарды, материалдық әлем заттарын түсіндіре алуы, білімдерді ұқсас жағдайларда қолдана алу және білімдер мен іс-әрекет әдіс-тәсілдерін жаңа жағдайларға көшіре алуы; білімдер жүйелілігі - жаңа түсініктер мен ұғымдардың оқушы санасындағы бұдан бұрын игерген білімдермен тығыз байланысты; беріктік - жинақталған білім саны мен іс-әрекет әдіс-тесілдерінің оқушы есінде сақталуы"1; 282б. . Осы кезекте бағалау деген ұғымға толық түсініктеме беріп, жан-жақты ашып, оның тарихы, қызметі мен сипатына тоқталуды жөн көрдім.
Бағалау - оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау - бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушы
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>