ды нәтижеге қатысты айтылады (тоқсандық, жылдық, қорытынды баға). Бағалау үрдісінің бала психикасына, сондай-ақ санасына әсерін біршама көңіл бөліп, зерттеген ғалымдардың санатына Б. Г. Ананьев (1980), В. А. Сухомлинский (1972), Ш. А. Амонашвили (1987), Н. П. Аникеева (1989) және т. б. ғалымдарды жатқызса болады. Бүгінгі күні педагогикаға қатысты мерзімді баспасөздерде айтылып жүргендей, қазіргі уақытта оқушы болсын, педагог болсын білім деңгейінің көрсеткіші ретінде 5 баллдық бағалау жүйесін аздық етеді, оған қанағаттанбайды. Бұндай бағалаудың күйзеліске, жүйкенің тозуына әкеліп соқтыратын негізгі фактор екенін (Н. П. Аникеева), сонымен қатар оқушының ары қарай жетіліп-дамуына зарарын тигізетінін (Г. Ксензова) ескерте келіп, бағалау жүйесінің сапалы түрін ұсынып отыр (Н. П. Аникеева, И. Олендзская, С. Меерсон, Г. Ксензова).
Жоғарыда айтылғандай, күні бүгінге дейін еліміздің оқыту саласында қолданылып жүрген білім-білік дағдысын бағалаудың "5" балдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту процесіндегі рейтинг-тестік жүйе оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді.
Бұл жүйенің ерекшілігі оқытушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық кезеңдерінде олардың білім-білік дағды нәтижелерін тексеріп бағалаудың тиімділігін арттырады.
Ресей Федерациясының 2001 жылғы жалпы білім беру туралы заңның жаңаруына байланысты қазіргі бағалау жүйесінің басты кемшіліктеріне ерекше көңіл аударылады 4.
Бағалау механизмі толықтай педагогтің қолында және де ол оқушыларға педагог тарапынан қолдау көрсету ретінде емес, сыртқы бақ
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>