жұмыста көбіне белгілі тақырыптар беріп, флипчарттарға суреттер салғызып, өздеріне қорғатып отырдым. Тақырыпқа сәйкес түрлі бейнеклипттер көрсетіп отырдым. Бейнеклиптерді қарап болғаннан соң оқушылар көргендерін талқылап, тақырып туралы жалпы мәлімет алады. Бұл әрекетімнің бірнеше мақсаты бар еді. АҚТ-ны қолдана отырып оқушыларды сабаққа ынталандыру және сабақтың мақсаттарын анықтауға алғашқы дайындық жасау . Сабақтың мақсатын анықтау жоғарыда айтылғандай балалардың болжамын, мақсат қоюын, өзіндік оқуын дамытады. Қысқаша айтқандай "қалай оқу керектігін үйрету" модуліне байланысты болды.
Сыныпта 13 оқушы болғандықтан мен сыныпты 1- топты жеті , ал 2- топты алты оқушыдан бөлдім. Сосын барып топтың ішін жұпқа бөлдім. Осы кезде бір оқушыға жұп жетпей қалды, жалғыз қалған оқушыға өзім жұптасып жұмыс жасауға тура келді. Бөлгенде әрбір жұпта 1 жақсы оқитын оқушы 1 нашар оқитын болғанын қадағаладым. Неліктен олай істедім дегенге келіп тоқталсақ "Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасаудан тұрады" (Мектептегі тәжірбие кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. "НЗМ" 2012 жыл. 11 бет. ). Осыны аша келсек мұғалімнің негізгі мақсаты сабақта оқушылар бір-бірімен емен еркін ұстап, өздерін қолайлы сезінуі керек. Ол үшін оқушы өзінің орындаған жұмысының дұрыстығына сенімді болуы керек еді. Білмеген жағдайда жаұсы оқитын оқушының өз жұбына көмектесетініне күмәнім болмады. Осылай сыныптағы барлық оқушылар бүкіл оқушылармен жұптық және топтық жұмыс атқарды. Оқушылар ішінен өзінідік ойлау қабілеті жоғары бір оқушыны эксперт етіп тағайындап, қадағалап отыру тапсырмасы берілді. Жұптық жұмыс барысында оқушыларды бақылап арасында көшбасшылық етіп, қалғандарын артынан ертіп отырған екі оқу
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>