Зейінің психологиялық мәні

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

бөлмеу керек. Қиындығы мен жеңілдігі әр түрлі пәндерді кестеде дүрыс орналастыру қажет.
Ырықсыз зейінді тәрбиелеу үшін мектеп оқушысының танымдық ықыласын дамытып, оның түсіну шеңберін ұлғайтқан жөн. Баланың жалпы аңыл-ойы өскен сайын оның ырықсыз зейінінің дамуы да күшейе түседі.
Ата-аналардан баланың режимін сақтауды талап ету керек. Теледидардың алдынан шықпау, үлкендерге арналған хабарларды көру, ұйқыға кеш жатып, ертемен тұра алмау, демалыс күні де киноға бару, қонаққа бару, кеш қайту бәрі баланы шаршатады. Дүйсенбіде көптеген бала сабаққа әзірлік-сіз келеді, сабаққа қабілетсіз, енжар қарайды, бірінші сабақта ұйқысын аша алмайды, оқу материалын қабылдай алмайды.
Екінші, баланың кеңсірегіндегі бездерінің үлкейіп кетуі. Мұрны бітіп, қақырығы тамағына кетеді, ол асқазанға зиян келтіреді. Баланың басы ауырады, кейігіш, ұмытшақ болады. Мұрнынан дем алмаған соң, үнемі аузымен дем алады, бет бейнесі, көз жанары бұзылады, ерні қабыршақтанады. Миға оттегі жетпейді. Сыныпта отырғаны болмаса, оның сабаққа зейіні болмайды. Баланы мұндай халге келтірмей, ұлғайған безді алып тастату керек. Сылып тастағаннан кейін мұрны ашылып, сөзі түзеледі, көңілі көтеріледі.
Үшінші, зерек, сезімтал деген баланың өзінде де кейде зейінді билей алмаушылық және оны тез аударушылық қабілеті жетпеуі мүмкін. Тіпті кеше көрген киносының, қорыққан жағдайының, не оқыған детективтік әңгімесінің оқиғаларынан арыла алмайды. Тіпті мұғалімнің математикадан, не грамматикадан міндетті түрде жаттап, зейінді мықтап аударатын материалын түсіндіру қажеттігіне ол құлақ аспайды. Өйткені, ол өзінің терең ойымен әуре болып отырады. Кейбір бала сабақ үстінде қажетсіз істермен айналысады, жолдасымен әңгімелеседі, көркем әдебиет кітабын оқиды не келесі сабаққа дайындалады, бірдеңе жазып отырады,

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: