Зейіннің психологиялық мәні
ҚР "Білім туралы" Заңында көрсетілгендей білім беру жүйесінің негізгі міндеті ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаныңы қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдай туғызу болып табылады. Сонымен екінші бапта білімнің негізгі міндеттері рухани және дене даму мүмкіндіктерін ашу, адамгершіліктің тұрақты негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, даралықтың дамуына жағдай туғызу арқылы ақыл-ой мен жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттігін байыту болып табылатыны туралы айтылған. Әр мектептің білім әрекеті әр оқушының қызығушылығы мен қабілеттілігін анықтау, оның дамуына, әлеуметтік бағдарға бейімделу қабілеттілігі мен қоғамдағы табысты іс-әрекетіне бағытталған 1.
Қазіргі кездегі мектеп ғылым негіздері бойынша білім беріп қана қоймай, оқушыларды ойлауға, қабілеттілігі мен нышандарын дамытуға үйретуі, әр оқушыға өзін көрсетуге мүмкіндік беруі керек. Білімнің басты мақсаты баланың ақылдылығы мен интеллектуалды тапсырмаларды орындауы болып саналады. Бұл тұрғыда оқушылардың зейінін дамыту маңызды орынға шығады. Себебі баланың зейіні жеткілікті деңгейде дамитын болса оқушылардың сабақ үлгерім деңгейі жоғарылап, жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Демек, бастауыш сыныптан бастап оқушылардың ойлауын дамыту өзектілігі арта түседі.
Күнделікті білім беру үдерісінде оқушының зейінін дамыту арқылы оның білім алу деңгейінің жоғарылауына, игерілген білімнің беріктігін қамтамасыз етуіне, білім сапасының артуына мүмкіндік туғызады. Кез-келген оқыту-дамытушы болып табылады. Егерде оқыту барысында мақсатты түрде оқушының зейінін дамытуға бағыттап отырса, оқушы басқаның пікірінен дұрыс қорытынды шығаруға, өз ойын толық жеткізе білуге, қиялын ұшқырлауға болады.
Зейін адам өмірінд
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>