е және қызметінде көптеген қызметтер атқарады. Ол сол кезеңге қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді күшейтеді де, керісінде, керек еместерін тежейді, ағзаға түсіп жатқан хабарларды қажеттілігіне байланысты іріктейді, бір объектіге немесе іске ұзақ уақыт көңіл бөлуді қамтамасыз етеді. Зейінмен процестердің бағыттылығы, іріктелуі, танымдылығы байланысты. Зейін қабылдаудың нақтылығы мен тәптіштелгендігін, есте сақтау қызметінің мықтылығын және іріктелгендігін, ойлау қабілетінің бағыттылығы мен өнімділігін анықтайды. Зейіннің негзгі түрлерін қарастырайық. Бұған табиғи және әлеуметтік келісілген зейін, тура зейін, еркін және еріксіз зейін, сезімтал және ойшыл зейін жатады.
Зейінді психологиялық феномен ретінде XIX ғ. аяғымен XX ғ. басында бір топ зерттеушілер қарастырды. В. В. Петухов, Л. М. Веккер, У. Джемс, Т. Рибо, Н. Н. Ланге, А. А. Ухтомский, Н. Ф. Добрынин, С. Л. Рубинштейн, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев, т. б. өз еңбектерінде зейінге әр түрлі сипаттамалар берді.
А. Р. Лурия зейіннің нейропсихологиялық негізін зерттеуіне байланысты, А. А. Ухтомскийдің ізімен, доминантыны зейіннің физиологиялық механизмі ретінде қарастырады. Зейіннің феноменін қорыта келе, А. Р. Лурия мынадай тұжырымға келеді: Зейін - бұл қажетті ақпаратты іріктеп алу, әрекеттік бағдар-ламаны қамтамасыз ету және олардың барысына бақылауды сақтау(33. 107).
Зейіннің физиологиялық негіздерін И. П. Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады. И. П. Павлов, егер ми қабығының бір алыбында қозу процесі пайда болса,осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті про
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>