Зейінің психологиялық мәні

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>

Балалар тапсырма орындап жатқанда, қосымша тапсырмалар беріп, мысалы: "4 клетка солға шегінуді ұмытпа", "ана ережені еске алың", "мына ережеге көзің салың"т. б. деп. олардың зейінін шашыратуға болмайды. "Бөлмезейінді, тапсырманы бергенде болма ілгерінді-кейінді!" - дегенді ескеру абзал. Сабақ үстінде тапсырма орындау кезінде барлық баланың зейінін алаңдататындай бар дауыспен "Қазтай, қалтаңдама!", "Мырқымбай, мықырайма!", "Қоянбай, қоқаң-дама!", "Жазық! жантайма" деп, ескерту жасауға болмайды. Балаға бастан, бірінші күннен бастап бірыңғай талап қою керек, ал оны бүзса, жаймен тыныштандыр, басқа балаға зиян тигізбе, әр балаға ашуланып "шапан" кигізбе! Бұл да - мұғалім этикасы.
6. Партаға тапжылмай 45 минут отыру, мұғалімді көз айырмай тыңдау, алғашқы кезде қиын іс, оған керек үлкен күш. Бала қозғалады, аузына келгенін қойып қалады, күледі, күмбірлейді. Оның бәрі табиғи нәрселер. Оны құр айқай бақырумен, күштеп көндіріп тәртіпке шақырумен келістіре алмайсың. Ол үшін - минуттік және "жел соғады", "құс қонады" т. б. сергіту керек.
7. Сабақ арасындағы үзілістерді дұрыс, тиімді пайдалануға үйрету керек. Үзіліс кезінде көркем әдебиет оқытпа, коридорда парымен қол ұстастырып жүргізбе, бөлмеге де кіргізбе. Олардың сабақта шаршаған жүйкесін демалдыру үшін үзілісте еркін дем алсың ойнай білсін, досымен әңгімелессің жайдары жарқын күліссін. Әкімшілік, қоғам ұйымдары, мұғалімдер бақыласын. Режимге, шыдамдылыққа, тактке үйрету керек.
Зейін - баланың ісінің нәтижелі болуының бастамасы және есігі. Ол баланы танып-білуге, келесі жұмысқа алдын-ала әзірлеуге жол ашады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
3. Жұмасова К. С. Психология: Оқулық-Астана: Фолиант, 2006-

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: