қисаңдап, т. б. істер істейді. Балалар қобалжиды, тіпті шулайды, шата-сады, керіседі. Осындайлардан баланы арылта алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Оны істей алмаған мұғалім баланың материалды білмегеніне өзі кінәлі.
Зейінді тәрбиелеуге шеберлік керек:
1. Сабақ жоғарғы темпіде, іскер, бірқалыпты жағдайда, шебер ұйымдастырылса, баланың миына жетіп жатса -баланың зейінін өзіне тез аударып алады, барлық бала тез іске кірісетін болады. Балалар кейбір жас оқытушының сабағында көп шулайды. Өйткені, оқылатын материал оларды қызықтырмайды. Не істеу керек? Ондайда әр балаға жеке тапсырма берсең, оның зейіні соған аударылады.
2. Зейіннің физиологиялық негізі - мықты зерттеуге бағытталған рефлекс, И. П. Павлов: "Бұл не?" - деген сұрақ тәрізді екенін айтады. Білуге құмарлық бағыт-зейіннің сипаты. Егер оқылатын кітапта, ондағы материалда жаңалық, қыз-ғылықты, таңғалатың ынтықтыратын нәрсе болмаса, бала күштеуге көнбейді. Бұл есте сақтауға, білуге құмарлыққа бағыттамайды. Сондықтан әр сабақта жаңалық айту керек.
3. Мұғалім өзінің мінезімен, ісімен, әрекетімен баланың зейінін шашып алмау керек. Сабақты өткізу жоспарын алдын-ала ойлау керек, үзіліс арасында тақтаға жазып қою, көрнекті құралды әзірлеп алу, сабақ үстінде аузыңды ашып аңырып тұрмау, бөгде нәрсеге көңіліңді бұрмау;дәптерлердіүлестіріп, уақыт жемеу, зейінді аударып жіберетін орынсыз сөз демеу, балалардың алдында келеңдемеу, жеңілтектікке салынып елеңдемеу мұғалімнен талап етіледі?
4. Байыпты болып жетілмеген, әлі сыныпты толық білмеген мұғалімге балаларға арқаңды беріп жаурыныңды, бөксеңді көрсетпе, бетіңді беріп. жылышырайжасап. бірбаланы емес, барлық баланы көз алдыңда бірдей ұста, аз сөйле, анық айт, сенің сезің оларға нұсқа, әрі болсын қысқа деген принциптер ұсынылады.
5.
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>