цесс болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).
Зейінін аударғанының өзінде бала негізгі, қажетті нәрсені байқамауы мүмкін. Бұл олардың ойлау қабілетінің ерекшелігімен түсіндіріледі; балалар барлық зейінін жеке заттар мен олардың қасиеттеріне аударады. Балалардың қиялында пайда болған бейнелер эмоционалды әсерлер береді, олар баланың ойлау қабілетіне тежеулі зейін ретінде әсер етеді. Егер заттың мәні бет жағында көрінбесе, егер ол жасырылған болса, онда кішкентай жастағы бала оны байқамайды. Ойлау қабілетінің дамуы мен жетілуіне байланысты балалар зейінін негізгі, басты нәрсеге аудара алатын болады. Балалар мұқият болу керектігін түсініп қана қоймау керек, оны оған үйрету керек.
Бастауыш сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін еске ала отырып, оны тәрбиелеудің кейбір жолдары: көрсетуге болады. Зейінді дамытуда, әрі өтілетін сабаңтың жемісті бо луына сыртқы жағдайдың атқаратын маңызы зор. Оқу шы еңбектенетін жерде, оның көңілін аударатын қоздыр ғыштардың (шу, баланы қызықтыратын қажетсіз әңгіме лер) болмауы керек, қажетті гигиеналық шаралар сақта луы шарт (таза ауа, тиісті жарық).
Зейінді дамыту жолы-жаттығу және берілген тапсырманы орындату. К. Д. Ушинский: "Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек" деген Бүкіл сыныпқа, не жеке оқушыға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келсін. Зейінді дамытуда сыртқы жағдайдың маңызын ескеру дұрыс. Шу, баланың сабағына қатысы жоқ радио, теледидар, қажетсіз әңгімелер болмауы керек. Жарық, таза ауа қажет.
Зейінді тәрбиелеу сабақты жақсы ұйымдастыруға байла-нысты. Сабақ кестесін, өткізу жоспарың әдістерің уақытты үтымды пайдалану қажет. Орынсыз нәрсемен баланың зейінін
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>