ақтар шешу.
Апанда алты ай ұйықтайтын, Білесің бе батырды?
Ұзын құлақ, қысық көз
Орғып-орғып сай кезген.
Аю, қоян сөздерін тақтаға бір оқушыға жазғызу. Дұрыс-бұрыстығын тексеру.
-Аю сөзінде неше дыбыс бар? Неше әріп жаздық?
-Аю сөзінде "иу" дыбыс естілгенмен, ю әрпін жазамыз.
-Тағы ю әрпі жазылатын қандай сөздерді білесіңдер?
-Қоян сөзінде неше дыбыс бар? Неше әріп жаздық?
2. Оқулықпен жұмыс.
Осы сабақтағы жаттығулар я, ю әріптерінің жазылуына арналады.
3. Үлестірмелі қима қағаздары таратылып беріледі.
4. Сурет бойынша жұмыс.
Тақтаға бақшада жұмыс істеп жүріп, аяғын жарақаттап алған баланың суреті ілінеді.
-- Сурет бойынша не айтуға болады?
-- Балаға не болды?
-Бақшадағы құрттарды не деп айтуға болады? (Зиянкес).
-Аяқ, зиянкес сөздерін кім тақтаға жазып көрсетеді?
Сабақты қорытындыланып, үйге тапсырма беріледі.
5-жаттығу. 35-бет.
7-жаттығу. 37-бет.
Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: дыбыстардың дұрыс жазылу бойынша алған білімдерін тиянақтау
Дамытушылық мақсаты: сөз арасындағы дыбыстардың өзара ерекшеліктерін ажырата білу дағдыларын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: сауатты жазуға баулу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Қайталау сабағы.
Таяқ, қияр сөздеріне дыбыстық талдау жасатылады.
Таяқ екі буын, төрт әріп, бес дыбыс.
т-дауыссыз дыбыс
а-жуан дауыс
Страницы: << < 26 | 27 | 28 | 29 | 30 > >>