ты дыбыс
Я-дауысты дыбыс
қ-дауыссыз дыбыс
Проблемалық сұрақ:
Қоян және қияр сөздері төрт әріппен жазылады. Ал осы сөздердің айтылуында неліктен бес дыбыс болып тұр?
-Таяқ және қияр сөздеріндегі я дыбысы екі дыбыстан тұрады, йа естілгенімен я жазылады.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Өлең оқылып, мазмүны ашылады.
Қарамен жазылған "оянғаны, таянғаны" деген сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазады.
Бұл сөздердегі я әрпінің қандай дыбыстардан құралғаны айтылады.
2-жаттығу. Мәтін оқылады. Берілген тапсырма бойынша мәтіндегі тиісті сөйлемдер көшіріліп жазылады. Я әрпінің айтылуы мен жазылуы салыстырылады.
Я әрпі бар екі-үш сөздің айтылуы мен жазылуын тақтаға жаздырып, салыстыру. Мысалы:
Оқушылар осындай жұмыстардың арқасында я дыбысының екі дыбыстан тұратындығын өздері түйіндейді.
Мұғалім я, ю дыбысының қосарлы дауысты дыбыс екенін, сөзде йа, йу дыбыстары естілгенімен, олардың орнына я әрпі жазылатындығын айтып қорытындылайды.
Ережені пысыктау мақсатында төмендегідей жұмыс жүргізіледі:
1. Оқушылар я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіреді.
2. Сол сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырады.
3. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады.
Оқулықтағы 3-ші және 5-жаттығулар орындатылады.
Шығармашылық тапсырма:
Тірек сөздерді пайдаланып, "Ана" тақырыбына өлең немесе шығарма жазғызылады.
Тірек сөздер: аяулы ана, ардақты ана, қымбатсың маған, ақ сүтіңді бердің, аялайсың, мәпелейсің.
IV. Сабақты қорытындылау.
а) Алған білімдерін бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Ю дыбысы қандай дыбыс?
2. Я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.
3. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.
ә) Сөздік диктанты алынады. Я, ю әрпі кездесетін сөздердің ас
Страницы: << < 27 | 28 | 29 | 30 | 31 > >>