Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және сөзді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: сөйлем және сөз тақырыбы бойынша 1-сыныпта алған білімдерін еске түсіру
Дамытушылық мақсаты: сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрастыра білу дағдыларын арттыру
Тәрбиелік мақсаты: байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын дамыту
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: сөйлем, мәтін құрастыруға қажетті сюжетті суреттер, сөздер жазылған карточкалар
Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап, жаттығу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мектепке бірінші күн келген оқушыларды сабаққа ұйымдастыру. Партада дұрыс отыру ережелерін еске түсіру. Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.
Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІІ. Қайталау сабағы.
oo Алғашқы сабақт ы мектеп, білім, сыныптас оқушылар, жазғы демалыс тақырыбына арнаймыз. Оқулықта берілген жаттығулар да осы тақырыптың мазмұнын ашуға арналған. Сендермен әңгімелесе отырып, сөздің заттың, құбылыстың атауы екенін, сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құралатынын еске түсіреміз.
ІV. 1-жаттығу. Суретте бейнеленген заттардың атауын сұрау. (гүл, мұғалім, оқулық, оқушы, мектеп, т. б. ). содан соң сурет бойынша сұрақтарға жауап алу. Жауапты сөйлем құрастырып береді. Оқушыларға сұрақ қою арқылы әңгіме құрастыру.
2-жаттығу. "Жазғы демалысты қалай өткіздім" тақырыбына әңгіме жүргізу. Сөйлемдегі сөз санын анықтау. Өлеңді бірнеше рет іштей қайталап, жатқа жазу.
3-жаттығу. Берілген сөздерді оқу, жеке сөйлем құрастыру. Содан соң бірнеше оқушының осы сөйлемдерді пайдаланып қысқаша құрастырған мәтіндері тыңдалады.
4-жаттығу. Сөйлемдердің ара жігін ажыратуға арналған. Бұл жаттығу арқылы балалар сөйлемнің бас әріппен басталып жазылатын
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>