тын сызады. Жазылуы мен айтылуын салыстырады.
Баспалдақ, ою, шытырман, шаю, қоян, саяз, тобылғы, таяз, жапырақ, жая.
Айтылуы Жазылуы
Айан тайау байау Аян таяу баяу
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
V. Үйге тапсырма беру.
4-жаттығу.
Тақырыбы: Дауыссыз Б, п әріптерінің жазылуы. (22-сабақ)
Сабақтың мақсаты: түбірдің соңындағы п дыбысына дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанған жағдайда п дыбысы б дыбысына өзгеретіндігін түсіндіру; басқа тілден енген, соңында б дыбысы келетін сөздердің жазылуын естеріне түсіру.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
1) Кіріспе бөлім.
"Орфографиялық сөздікте қалай жазылады?" тапсырмасы.
Тақтаға кейбір әріптері түсіп қалған сөздер жазылады.
көсі. . . қалы. . . клу. . .
мекте. . . ғажайы. . . шта. . .
-Осы сөздер орфографиялық сөздікте қалай жазылады деп ойлайсыңдар? (Тақтаға оқушылар көп нүктенің орнына тиісті әріпті (п, б) жазады).
Сөздерді бірнеше балаға дауыстатып оқыту.
-Балалар, осы сөздердің соңында б дыбысы естіліп түр. Ал сендер неліктен кейбір сөздердің соңына п, ал кейбір сөздердің соңына б әріптерін жаздыңдар?
Сөз соңында б дыбысы естілгенімен, п әрпі және кейбір басқа тілден енген сөздердің соңында б әрпі жазылатындығы еске түсіріледі. П мен б дыбысына аяқталатын сөздерге мысалдар келтірту.
-Б дыбысына аяқталатын сөздерді кім атап береді? (Штаб, клуб, араб, куб).
-Б мен п әріптері туралы не айтуға болады?
-Б - үяң дауыссыз дыбыс, ал п - қатаң дауыссыз дыбыс.
-Олай болса, бүгінгі сабақта "Б, п әріптерінің жазылуын" есімізге түсіреміз.
Нег
Страницы: << < 28 | 29 | 30 | 31 | 32 > >>