ы. Үйренуге берілетін тапсырмаларды өз бетімен орындауға, белгілі бір проблемалық жағдаяттарды шешуге деген талпыныс белсенділігін оятады. Білім алушының ойлау әрекетін жылдам меңгеруге қарай бағыттауда оқытудың нақты мақсаты айқын анықталуы қажет. Бағдарламалап оқытудың басты бөліктерін, яғни
басқарылатын объект (оқушы)
кезең-кезеңмен жүзеге асырылар бағдарлама,
жүйелі кері байланыс,
басқарудың оқу үрдісінде болуы білімгерлердің өз бетімен компьютер арқылы меңгерулерін қамтамасыз ете алады. Бұл ретте басты мақсат ретінде оқушының алдын-ала жоспарланған деңгейге біртіндеп жету көзделеді. Ол үшін әр оқушының кезең-кезеңмен жүзеге асырылар әрекетінің бағдарламасы ойластырылады. Оқыту үрдісінің тиімділігі мұғалім мен оқушы арасында компьютер арқылы жүргізілетін кері байланыс арқылы қамтамасыз етіледі. Меңгеруге арналған ақпараттың өнделуі мұғалім назарынан тыс қалмауы тиіс. Оқушы әрекетінің өндеуінен өткен ақпарат мұғалімге жетіп, кандай да бір түзетулер немес бағалау, кеңес берулерге ұшырайды. Бағдарламалар оқытудың тағы бір ерекшілігі оқыту нәтижесінің диагностикалануымен сипатталады. Яғни, бағдарламадағы әр кезең оқушының белгілі бір нәтижеге жетуіне бақылау жасайды. Оның әрекетінің жоспарлы түрде бір мақсатқа қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Белгілі бір мақсатқа жетуді көздеуде төмендегі жайттар ескерілуі қажет:
- оқушы әрекетін алдын-ала болжайтын тапсырмаларды ойластыру;
- оқушылардың білім деңгейін анықтауға арналған әрекеттер;
- шұғыл кері байланысқа құрылған білім алу кезеңдерін бағдарламалау;
- нәтижелі диагностикалау әрекеттері.
Сонымен, технология сабағында электронды оқулықтарды қолдану оқушы іс-әрекетінің дұрыс бағдарламалануы оқыту тиімділігіне әсер етеді. Психофизиологиялық тұрғыда компьютер оқушылардың есту, көру, сө
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>