йлесу-қозғалыс мүшелерінің белсенді әрекет жасауына әкеледі. Компьютерлік оқыту технологияларын қолдану мидың қабығында қосымша тітіркенгіштердің пайда болуына ықпал етеді. Нәтижесінде, И. П. Павлов теориясы бойынша, оның қабылдағыштығы артады да, мұның өзі білімнің терең де берік болуына жақсы әсер етеді. К. Мухлис өз еңбегінде: «Компьютерде жазылатын түрлі дыбыстық тапсырмалар акустикалық сигналдарды есту рецепторларын қоздырып, алғашқы есту нейрондарында белсенділік туғызу бастайды. Есту сенсорлық ақпараттарды одан соң есту жүйесінің бірқатар бөлшектерінің өте келе, ми қабығының естуге байланысты аймағына қарай жөнелтіледі»,-деген тұжырымға келген. Компьютерді қолдану нәтижесінде адам санасында көру, есту, моторлы және тағы басқа бірнеше анализатордың жұмысымен байланысты сезімдік бейне қалыптасады. Оқушылардың ойлау, қайта жаңғырту, байқағыштың қабілеттерін, сондай-ақ, ақыл-ой парасатын дамыту үшін оқу процесінде көру анализатордың іске қосудың маңызы зор. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін электронды оқулықтарды қолдану өте тиімді.
Технология сабағында электронды оқулықтарды қолдану оқытуды жекелендіреді. Мұның негізінде кері байланыс орнайды, оқушылардың өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі түзету жүзеге асады; оқудың мотивациясы күшейеді; рефлексияның дамуы қамтамасыз етіледі. Басқа құнды қасиеттеріне қоса, компьютер оқушылардың жас және жеке психологиялық ерекшіліктерін ескеруге және олардын жеке тұлғалық қалыптасуына мүмкіндік береді.
Оқу үрдісін психология, педагогикалық тұрғыда жаңаша ұйымдастыру білім беруде жаңа компьютерлік оқыту технологиясының нақтырақ айтқанда технология сабағында электронды оқулықтарды қолданылумен тығыз байланысты. Жаңа компьютерлік оқыту технологиясы осыған орай нені көздейді:
1) Білім философиясы - оқу-тәрбие ісінде мемлекетті
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>