Заманауи мектептегі технология сабағындағы электронды оқулықтарды қолдану

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

қосатыны анық. Оқушылармен бірге электронды оқулықтармен жұмыс жасай отырып, компьютерлік оқыту технологиясын меңгертуге бағытталған жұмыстары олардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, психиканың дамыту заңдылықтарын ескеру арқылы жүргізілетіні белгілі. Психология ғылымы ең алдымен оқушыға беретін білім білік пен дағдылардың мазмұнын айқындау кезінде аса маңызды рөл атқарады. Мектеп оқушыларына технология пәнін үйрету барысында олардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру - оқу тиімділігін қамтамасыз етудің бір шарты болып табылады. Оқытудың жаңа тұжырымдамаларына сәйкес білім беруде оқушы тек объект ретінде ғана емес, білім алудың белсенді субъектісі ретінде танылады.
Мектептегі білім алушылардың тұлғалық дамығандағы психологиялық ерекшіліктерін ескертуде мол мүмкіндікке жол ашатын құралдарының бірі - компьютер. Осы орайда, біз оқытуды компьютерлендіру процесін оқушының жеке тұлға ретінде дамуына, оның субъективті көзқарастың қалыптасуына өзіндік танымының, шығармашылдық ізденісінің ашылуына түрткі болатын, жеке түлғалы-әрекетті қатынас шеңберінде қарастыру керектігін өз жұмысымызға арқау етеміз. Технология сабағында электронды оқулықтарды қолдану белгілі бір мақсатты көздей отырып, пайдаланылғанда: ынталық, ақпараттық қарым-қатынасты дамытушы, бақылаушы және тағы басқа көптеген педагогикалық мүмкіндіктер жиынтығы жүзеге асырылады. Бұл электронды оқулықтарды қолдану арқылы оқыту жағдайындағы оқушының дербес іс-әрекетін басқарудың маңызды бір аспектісі болып табылады.
Бүгін компьютер күнделікті өмірде әбден табиғи көрінеді. Оны оқушылар сабақта және оқудан тыс уақытта пайдаланылады, компьютер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар, оларды сергітетін жайлы әсер тудырады және де оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіретін тиімді тәсі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: