Тықыр кілем

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

стерінен-ақ әрқайсысының бір-бірінен өзгешелігін, тіпті қай облыстың кілем тоқу үлгісі екенін де байқау қиын емес.
f

j
â
hJ
ыс өнімділігі айтарлықтай нәтижеге жетті. Фабрика жиырмаға жуық кілемді еліміздің музейлеріне жіберді.
Әрине, арнайы жасалған кілем тоқитын заманымыздың соңғы жаңалықтарымен толықтырылып жасалған станоктар ауылдық жерлерде кездесе бермейді. Енді сол ауылдық жерде атазаманнан бері пайдаланылып, бірақ, соңғы кезде азайып жатқан қарапайым станоктың кейбір атауларына тоқталып, ондай атауларға түсіндірмесін беруді мақұл көрдім.
«Төсек», кейде оны «желі» деп те атайды. Демек, төсектің немесе желінің ұзындығы бес метр, ені екі жарым метр шамасында болады.
Керілген төсек -желінің жалпы саны орта есеппен еркегі – 600 (үстіңгі) жіп, ұрғашысы – 600 (астыңғы) жіптей болу керек. Үй иесінің тоқылатын кілем мөлшеріне қарай желі мөлшерінің бұдан аз да, көп те болуы мүмкін.
Кергі ағаш – кілем тоқылатын, желінің басынан және аяғынан кілем тоқылатын орында жүгірілген жіпті керіп тұратын ағаш. Оның тек қана ағаш болуы шарт емес, үй иесінің тапқан материалына қарай оның кейде құбыр тәріздес затқа немесе қазыққа мықтап керілген жуан арқан болуы да мүмкін. Керілген төсек-желінің жалпы саны орта есеппен еркегі – 600 (үстіңгі) жіп, ұрғашысы – 600 (астыңғы) жіптей болу керек.
Белағаш – кілем тоқу үшін керілген жіп желісін күзу арқылы байланыстырып тұратын көлденең ағашты белағаш деп атайды.
Адарғы – керілген жіп желісінің шатысын немесе күзусізін бетіне шығарып, былайша айтқанда еркек жіп пен ұрғашы жіпті ерсілі-қарсылы, жоғарылы-төменді алмастырып тұратын белағашпен қатар жатқан ағаш.
Аяқ – белағашты көтеріп тұратын, аша басты тіреу ағаш. Керілген желі – төсек жіптің белағашының екі басына тіреліп қойылады.

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: