Тықыр кілем

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>

ің экспозициямызда көптеген қошқармүйіз оюымен өрнектелген сырмақ, текемет, алаша, сүлгілер көрсетілген.
Мүйіз ою – мүйіз тәрізді өрнектелгендіктен мүйіз ою аталуы сөзсіз. Түскиіздің шетіне көбінесе қолтықшасына (орта гүл немесе шет гүлдің орталығы) өрнектеледі. Жерге төселетін текеметке ұдайы осы ою салынып қолтық деп аталады. Мұнысы, өз үйіңіздей көріп, жантая отырып дем алыңыз деген қонақжайлық белгісі.
Омыртқа оюы- қайраттылықтың, ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде құрлардың шетіне салынады. Осы ою- өрнекпен әшекейленген әдемі тақыр кілемдерді кездестіруге болады. Сондай-ақ қазақ халқының көшпелі өмірінде жылқының орны ерекше. «Жүзден жүйрік, мыңнан –тұлпар», «құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер» т. с. с. мақал-мәтелдер қазақ жылқысын жан-жақты сипаттайды. Сондықтан да жылқы қазақ халқының ұғымындағы ең жоғарғы өмірдің символы (символ высшего мира) ретінде қолөнерде де қалыс қалмаған. Ою-өрнек өнерінің атбас, ашатұяқ т. б. өрнектерімен белгілі.
«Ауырды нар көтереді,өлімді ер көтереді», «Қабырғалы қара нар қабырғасын сөксең, бақ етпес», «Нар жолында жүк қалмас» -деген мақалдар қазақтың түйеге деген зор ықыласын білдіреді. Адам алыс жолға шыққан кезде киімдеріне «түйетабан», түйемойын» оюларын салады. Және «ботакөз» өрнегін қолданады. Кілемдерге де осы оюлар қолданылады.
«Жетіссең де жер жемісін жеті аса»деген қазақтың тек қана мал шаруашылығымен емес, егіншілікпен де айналысқанны тарихтан мәлім. Ата-баба, әже-апаларымыз «Елдің ағасы болғанша судың сағасы бол»деп, суармалы егін егуде судың мәнін жоғары бағалап, қолөнерінде де тоқшылық пен молшылықтың нышаны етіп «су», «ирек», «арық», «тасқын», тоғыз төбе», «арпа гүл» т. б. ою-өрнек түрлерін қолданды. Бұған қоса егін шаруашылығына қатысты арнайы құрал –саймандардың кейбір «б

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: