лғы республикалық көрменің жүлдегері болған.
2. 1. Кілем тоқудың негізгі құрлысы;
Кілем тоқу – қолмен тоқу және машинамен тоқу болып екіге бөлінеді. Қолдан тоқылған кілем арнайы тоқыма ағаш станокта тоқылады. Мұндай кілем өте берік келеді, күтіп ұстағанда ондаған жылдар бойы, кейде жүз жылдан астам уақыт пайдалануға болады.
Негізгі бөлімі кілем тоқу үшін ашасы бар екі ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ашаға көлденең ағаш қойып арнайы жасалған қарапайым станок пайдаланылады. Ол үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орнатылады. Киіз үйдің ішіне станоктың екі жағындағы ашалы ағашы керегеге байланып, төменгі жағы жай ғана жерге бекітіледі. Ашаның үстіне көлденең қойылған сырықтың биіктігі түрегеліп тұрып істеуге ыңғайлы болуы тиіс. Өйткені, қой жүнінен көбінесе қоныр жүннен иіріп, тас немесе басқадай салмақты зат байланған және бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі жіптің екеуін екі қолмен ұстап тұрып, кезек-кезек қарсы бағытта сырықтың үстінен асырып отырады. Ондай жіптің арасы 10-15 см болады да, саны 20-30 шамасындай болуы мүмкін. Қазақ халқынын қолөнер саласында кілем тоқу: оған жүн орап, өрнектеп безендіру, түр салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық өнер. Кілем тоқу – қазақтың қолөнер саласындағы ұлттық өнерінің ерекше бір түрі.
Кілем үлгілері әр түрлі әлеуметтік шындықты бейнелейді. Қолөнер шеберлері өз еңбектерінде ұлттық ою-өрнектермен қатар қазіргі заман тынысын бейнелейтін жаңа түр тапты. Қазіргі кілемдер өрнегінен космос, алып құрылыс, өскен ауыл өмірін көруге болады. Демек, қазақ арасына бұрыннан көп тараған жоғарыдағы кілем атаулары тектен-тек қойыла салмаған, аталған түрлердің өзіндік ою-өрнектері, тоқылу технологиясы мен тәсілдері барлығы сөзсіз. Олардың бояу, тоқу, түр салу әді
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>