>Еркек жіп – кілем тоқу үшін керілген желі жіптердің күзуде тұрған үстіңгі жіптері.
Ұрғашы жіп – керілген желі, төсек жіптің төменгі күзусіз жіптері.
Күзу – керілген желі, төсек жіптің орта шенінен көлденең түскен белағашпен еркек жіпті жалғастырып тұратын жіп.
Тарту жіп – белағаштың үстінен екі басына бекітілген күзуді тартатын жіп.
Тоқпақ – керілген желідегі еркек жіп пен ұрғашы жіптің арасынан арқау жіп өткізілгеннен соң, жіп арасын түйгіштейтін шеге тісті ағаштан жасалған құрал. Мұны тарақ деп те айтады. Өйткені бір жағынан тараққа ұқсайтындығы бар.
Қайшы – керілген желідегі жіпке шалынғаннан соң тегістеу үшін пайдаланылатын құрал. Осы қайшы арқылы түгі қырқылып тегістеледі.
2. 2. Кілем тоқуға пайдаланатын шикізат
Көшпелі өмірге бейімделіп мал бағумен айналысқан ата-бабамыздың қолөнеріндегі шикізаты жүн болған және кілем тоқып өз бұйымына жаратқан.
Қолдан тоқылған кілемді тоқуға жүн ( қой, ешкі, түйе жүні), мақта –мата, жібек, зығыр, кендір жіптері пайдаланылады. Қолдан тоқылған ең бағалы кілемдер Иран, Франция, Үндістан, Қытай, Румыния, Венгрия, Польша, Ауғанстан, Қазақстанда шығарылады.
Мысалы, Монғолияда мал шаруашылығына басымдық бергендіктен, қойдың өзін ғана өсіре қоймай, оның жүнін де пайдаға асырып, әлемге таза, сапалы жүн шығарумен аты шыққан ел. Ол жерде ешбір синтетикалық қоспасыз, тек таза жүннен кілем тоқитын ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл үлкен кәсіпорын көбіне Еуропадан келетін тапсырыстарды орындайды екен. Бұл кілемдер тек таза жүннен жасалғандықтан, экологиялық таза өнімдер.
2. 3. Қазақ кілемдеріне салынатын ою түрлері
Текеметтің ортасына «қошқармүйіз», шет-шетіне «тұмар», «шаршы» немесе «су» оюлары салынады. Мұнысы туған жер төсін толтырған отар-отар қой болсын деген халықтың арман-тілегі. Бізд
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>