налар немесе керісінше, автоматты реттеу жүйелеріндегі өлшеу, санау-есептеу құрылғыларда датчик есебіндегі микрмашиналар және т. б.
1. 4 Электр аппараттарын техникада қолдану
Электр аппараттарына тұрмыста қолданатын құрылғылардың көбін жатқызуға болады. Оларға: тоңазытқыш, үтік, компьютер, қысқа толқынды пеш, теледидар, кір машина, ұялы телефон т. б көптеген құрылғылар жатады.
Тоңазытқыш-температурасы қоршаған ортаның температурасынан төмен болатын, жоғарғы температурада микроаргонизмдер әсерінен жылдам бұзылатын азық-түлік өнімдері мен тағамдарды сақтауға арналған құрылғы(сурет-1. 7). Тұрмыстық тоңазытқыштардың компрессиялы және абсорбциялы деп аталатын екі түрі шығарылады. Олар бір-бірінен тоңазыту агрегатының әсер ету принципі және осыған сәйкес конструкциялық жасалу ерекшеліктері мен техникалық сипаттамалары бойынша ажыратылады.
Сурет - 7 Тоңазытқыш
Тоңазытқышты пайдалану кезінде кейбір азық-түліктерді өте салқындатып жіберу оның дәмдік сапасын төмендететінін есте ұстау керек. Тоңазытқыштың ішіндегі ауа емін-еркін алмасып отыратындықтан оның әр деңгейіндегі температура да әр түрлі -төменгі температуралы бөліктің астына таяу аралықта 0С болса, әдетте басқа бөліктен әйнекпен бөлінген тоңазыту камерасының төменгі бөлігінде 6-7С болады. Температураның осылай әр түрлі деңгейде болуы азық-түлікті тиімді түрде орналастыруға, оларды сақтауға ыңғайлы жағдай тудырады. Сыр,сары май және басқа майлар тоңазыту камерасының үстіңгі сөресінде жақсы сақталады. Жеміс-жидек пен көкөністерді тоңазыту камерасының төменгі бөлігіндегі ыдысқа салып сақтау керек; бұлардың жақсы сақталуы және солып қалмауы үшін бөлгіш әйнекті алмау қажет.
Үтік - киім - кешектердің мыжылыстарын тегістейтін, яғни үтіктейтін тұрмыстық техн
Страницы: << < 13 | 14 | 15 | 16 | 17 > >>