Электронды машиналар

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>

ика(сурет-1. 8). Үтіктер киімдерді тегістеп алғашқы әдемі мыжылыссыз қалпына келтіруде өздерінің салмағын және температурасын пайдаланумен қол жеткізеді.


Сурет - 8 Үтік

Алғашқы үтік туралы деректер 1636 жылы орыс еліндегі жазбаларда кездесе бастады. Өйткені осы жалдың 31 қаңтарында патшаның шығын кітабында сатушы Трофимовка "Патшаға темір үтік жасап бергені үшін" 5 алтын толегені жазылған.
Ұялы телефон - радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал(сурет-1. 9). 1875жылдың 2маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, "қоңырау" деген мағына береді. Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.
Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.



Сурет - 9 Ұялы телефон

Қысқа толқынды пеш - тұрмыста тамақты тез дайындауға, қыздыруға және мұздаған тағамды жібітуге пайдаланады(сурет-1. 10). Оның басқа аппараттардан айырмашылығы мұндағы жылу көзіне магнетрон тудыратын аса

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: