жоғары жиіліктегі электромагниттік толқындардың энергиясы пайдаланылады.
Қысқа толқынды пештің қыздыру принципі тамақтың дәмділігін жоғалтпай, витаминдерді сақтауға, күйдірмеуге, тым қыздырып жібермеуге негізделген. Пеште тамақ дайындауға уақыт газ плитасына қарағанда 4-8 есе аз кетеді. Пайдалану кезінде пештің жан-жағы қызып кетпейді, тамақ күймейді, ас үйдің ауасы әрдайым таза болып тұрады. Бұл пештерде тамақ дайындау үшін шыны, фасфор, фаянс, пластмасса, т. б. пайдалануға болады.
Сурет - 10 Қысқа толқынды пеш
Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған құрылғы(сурет-1. 11). Теледидардың негізгі ерекшелігі бейне мен сүйемелдеуші дыбыс радиосигналдарын бір уақытта күшейту және түрлендіреді. Теледидар әдетте супергетеродинді сұлба бойынша құрастырылады. Оның нұсқалары сүйемелдеуші дыбыс сигналдарын күшейту және бөлу әдістері бойынша бөлінеді. 20 ғасырдың соңында ертеден қолданып келген кинескопты теледидардың орнын сұйақ кристалды, плазмалы теледидарлар басты.
Сурет - 11 Теледидар
Кір жуғыш машина - кірленген бұйымдарды үй жағдайында жууға лайықты етіп шығарылған. Машинаның тоққа қосылуы сөндіргіш немесе таймер арқылы жүзеге асады(сурет-1. 12). Таймер тұтақасын белгілі бір уақытқа қойғанда, сәл уақыт өткен соң машина автоматты түрде тоқтайды. Кір судың шлангымен ағызып жібереді немесе насостың көмегімен сорғызып алады.
Алғаш құрастырылған машина арнайы тұтқа арқылы меңгерілген. Ал, 1907 жылы мотор арқылы жуатын кір жуғыш машина ойлап табылды. 1912 жылдан бастап, барлық үйлерде электрлі жүйеде жұмыс істейтін кір жуғыш машиналары қоладанылады. Алғаш машиналардың сыртқы бөлігі ағаштан жасалған. Кейін ол бөлікте
Страницы: << < 15 | 16 | 17 | 18 | 19 > >>