қабылұлы адамгершілікке тәрбиелеу әдіс-тәсілдеріне, ұлттық құндылықтың негізі ретінде тыйым сөздердің тәрбиелік мәнін аша отырып, Қырық бірге жұғыспау, Жетіге тиіспеу, Он екіден айырылмау, Тазалықты сақтау деген мағыналы ережелерді ұсынады.
Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы оның халықтық ұлттық салт-дәстүрлері болып табылады. Тән азығы мен жан азығының тепе-теңдігін сақтап, әсіресе жан азығына басым көңіл бөлген халқымыз өміртануды діттеп, оның философиялық заңдылықтарын терең ұғынған. Жан азығынан мақұрым қалған адамның адамдық қасиеті жойылып,оның айуанға айналатынын ертеден ұғынған халқымыз жан азығын ең әуелі нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді әуенмен беруден бастайды,одан соң жас балдырған жеке сөздерді ұғына бастағанда-ақ оған жақсы жаманды ажыратып түсіндіреді. Жас баланың нәресте, бөбек балдырған кезіндегі адам болып қалыптасуы 12-ге келгенде әдептілік негіздерін үйренеді, оның бойында тектік қасиеттер қалыптасады. Адам өмірінің алтын бесігі – мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді.
Халық тәрбиені бала іште жатқан кезде бастайды. Ананың денсаулығына қарап, оған жағдай жасау қамқорлығы бала дүниеге келген соң бесік рәсімдерімен жалғасады. Баланы бесікке салу рәсімі көбінесе бөбек қырқынан шыққан соң, кіші-гірім той ретінде өтеді. Бесікке салу рәсіміне шақырылған ауылдас жол-жоралғыларын ала келеді. Баланы бесікке салу рәсімі ұрпақ өсірген үбірлі-шүбірлі анаға беріледі.
Абай – қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған ойшыл дана.
Бүкіл әлемнің өмір сүру заңдылығының бес тірегі бар екен, олар: Жоғары Тәңір, тірі жандар, табиғат (материалдық әлем), уақыт және іс-әр
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>