Бала тілін дамытудағы әдеби шығармалар мен тарихи туындылардың алатын орны

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>

екет. Осы бес ақиқатты және олардың өзара байланыстарын дұрыс ұғына түсінген адам өмірдегі мақсатына жете алатын көрінеді.
Абайдың даналығы да сол, осы бесеуін саналықпен түсіне отырып Отыз сегізінші – қарасөзінде Адам баласы жылап туады, кейін өледі. Екі ортада бұл дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, бір-біріне мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа жарамсыз қылықпен қор етіп өткізеді де, таусылған күнінде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды – дейді. Абайдың осы дүниедегі тіршілік пен өмірдің құндылығы мәңгілік өмірдің иесі Адам өмірі екенін айтқысы келгені болар. Абай шығармасындағы негізгі құндылықтар ұғымы: ар, намыс, ұят. Арманы – ақыл, жігер, білім, әділ, адал Адам. Адамдық қасиет тамыры – арын сақтау.
Негізгі ұғымы – рухани байлық – денсаулық. Ұраны – адам бол!
Парасаттылығы – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Салауаттылығы – ізгілік (гуманистік), адамгершілік, имандылық.
Отыз сегізінші нақыл сөзінде – атаңның баласы болма, адамның баласы бол, өсиеті – талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымдылық. Ескерететін жат қылығы – көрсеқызарлық, опасыздық, орынсыздық, мақтаншақтық, пасықтық, өсек. Х1Х ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы озық ойлы, көзі ашық ұлт зиялылары мен қазақ оқығандары өз қызметімен және зерттеу мақалаларымен қазақ халқының тарихы, әдебиетін зерттеп, жинауға және сол арқылы бай мұраларымызды кейінгі ұрпаққа жеткізуге көп үлестерін қосты. Ежелгі заманнан бергі жинақталған халқымыздың асыл мұрасы- ауыз әдебиетінен бастап, кеңестік дәуірде саяси қудалауға ұшырап, кейіннен ақталған барлық ақын-жазушылардың мұраларын жинау мен зерттеу ісінде, халыққа насихаттауда әдебиетші-ғалымдардың еңбектері зор. Сондай-ақ белгілі қайраткерлер мен танымал шығармашылық өкілдерінің өмірбаяны м

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: