Өзгеріс не үшін керек

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

бөліп, топтық әрекеттермен өткізеді. Мұнда сабақ ағылшын тілінде беріледі. Негізгі идеясы дарынды оқушыларға қолдау көрсетіліп көшбасшылыққа тәрбиелеу. Жаңа технологияларды игеріп үздіксіз білім алу, өздеріне жауапкершілік пен міндеттер алуына ынталандыру ортасы құрылған. (7)
Бір қызығы, финдермен салыстырғанда, бағалау Сингапурде қоғамдық реттеуші құрал ретінде пайдаланатындығы ерекше өзіне назар аударуды талап етеді. 2004 жылы Сингапур емтихан және оқытуды бағалау жөнінде комиссиясы құрылды (SEAB)(8). Оқушы бағасы, әсіресе оның жиынтық бағалары тек оқушы мүддесін ғана қорғап қоймай, ата-анасының, мектептің және мемлекеттің мүдделеріне әсерін тигізбек. Мәселен, оқушы бастауыш мектебін тәмамдаған соң емтиханда алған жиынтық бағаға сай келесі деңгей мектептерін таңдауға және стипендия алуға мүмкіншілік алады. Ал ата ана үшін бұл өз кезегінде олардың отбасылық қаржы жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Тіпті ірі компаниялар жиынтық бағаларға сай жұмыс орнын ұсынады, яғни болашақ жұмыс мәселесі де осылай шешіледі. Сонымен қатар бағалаудың альтернативті түрлері енгізілді: жалпы даму бағасы, пәнді түсіну бағасы, мектептегі жалпы үлгерім бағасы. Қазіргі заманғы зерттеулер жоғарыда келтірілген бағалау түрлерін қамтитын тиімді жүйелерін сипаттауға бағытталған. Мен өз есебімде бейнелеген елдердің озық тәжірибесі мынандай қорытындылар жасауға итермеледі:
Бағалауды білім беру үдерісінің жекелеген бөлігі деп қарастырмай, оқуды бағалаудың, оқыту үшін бағалаудың, оқыту ретінде бағалаудың маңыздылығын сипаттайды;
Оқылған материал туралы оқушы, ата ана мен мектеп арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, арғы қарай оқытудың жоспарын құруға бағдар беретін ақпарат береді;
Оқу жоспарынан күтілетін нәтижелер, пән мен көрсеткіш критерийлерін оқытудың нәтижелілігімен бай

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: