Өзгеріс не үшін керек

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

бүкіл елдің білім беру жүйесіне талдау үшін қажет құрал. Бұл күрделі құрылым мынандай тетіктер арқылы жүзеге асады:
Бағалаудың ішкі және сыртқы түрлері қолданылады;
Бағалауға түрлі субъектілер тартылады;
Бағалаудың түрлі әдістері қолданылады;
Бағалау өлшемдері баршаға ортақ. (5)
Сыртқы бағалаудың мақсаты білім туралы заңнамалардың мектептерде орындалуын қадағалау, білім беру жағдайын жақсарту болып табылады. Түрлі әдістерді қолдану арқылы білім саласындағы сұраныс пен ұсынысты, білім мен қажет құралдар арасындағы тепе теңдікті түсіну үшін бағытталған. Ал ішкі бағалау білім беру жағдайы туралы ақпарат жинауға бағытталған, мәселен, мектептегі болжамды өзгерістер жүйесін енгізу, мектептің белгілі бір жұмыс аспектісіне сай өзін өзі бағалауы т. б. ішкі және сыртқы бағалауды ұштастыруда мынандай бағалаудың қосалқы түрлері шығады: салыстырмалы бағалау, жағдаяттық бағалау, тақырыптық бағалау, стандартталған бағалау.
Фин жүйесіндегі бағалау әдістері төмендегідей: сыртқы бағалауды - мектептерді репрезентативті таңдау, сауалнама жүргізу, әкімшілік, ата ана, оқушыдан сұхбат алу, алынған нәтижелердің статистикалық өңдеу әдістері, халықаралық деңгейде салыстыру, талдама жасау. Ішкі бағалау сауалнама толтыру, сұхбат жүргізу арқылы жүзеге асады. Көптеген әлеуметтік желілерде дау туғызған финдік бағалау жүйесінің негізгі сипаттамасы төмендегідей: мектепте 4-сыныпқа дейін, кей жерде 8-сыныпқа дейін баға қойылмайды, олардың орнына мақтау немесе ескерту беріледі, финдік әріптестер мұны ынталандыру құралы ретінде қарастырады. Жоғары сыныптарда бағалау модульдік оқыту ұстанымына негізделген және оның мазмұны оқушының жеке оқу жоспарында көрсетілген. Бірнеше модуль бойынша оқытылған оқушылар барлығын есептей келгенде бір ортақ баға иеленеді. Бағалау шәкілі:

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: