Өзгеріс не үшін керек

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

ланыстырады;
Мұғалімдерді бағалауды ұйымдастыруға, оны жүргізуге баулып, олардың кәсіби даярлығын өсіріп, оқушыларға нәтижеге жетуде көмек беруге дайындығын қалыптастырады;
Оқушыларды өзін өзі бағалауға шақырады, бұл өз кезегінде ынталандыруды күшейтеді;
Бағалау стратегияларын қолдана отырып, сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға бағыттайды;
Санға емес, сапаға бағытталған оқытуды қамтамасыз етеді.
Қазақстанға бағалау жүйесін өзгерту қажеттілігі, менің ойымша, тәуелсіздік таңы атқан бастапқы кезеңде туды, алайда оның сәті енді туған тәрізді. Бағалау прогреске деген құлшынысты, сенімділікті оқушы бойына ұялата отырып, оқу мекемесін өз қызметін жақсы жаққа қарай бұруға бағдар береді. Бағалау жүйесі мектептің немесе оқушы қызметінің теріс нәтижелерін іздеуге және санкция не шара қолдануға емес, тек ақпараттық және реттеуші құрал ретінде пайдалы. Білім беру жүйесі жемісті болуы үшін оның халықаралық немесе ұлттық деңгейде алдына қойылған мақсаттарына қол жеткізуі тиіс. Оқытудың нәтижелілігі оқушылардың оқу нәтижесінде олардың зияткерлік пен рухани деңгейінің өскендігімен өлшенеді. Қазіргі таңда қазақстандық білім беру жүйесіндегі кемшіліктерді жоюдың негізгі құралдарының бірі - бағалаудағы түбегейлі өзгерістер. Ол үшін мемлекеттік деңгейде бағалау жүйесін өзгерту тетіктері толығымен қамтылған ұлттық бағдарлама құрылуы тиіс шығар. Ол бағдарлама аясына осы оң өзгерістің барлық объектілері, субъектілері, мақсаты мен міндеті, механизмдері мен күтілетін нәтижелері қамтылуы тиіс деп ойлаймын. Өзгерісті енгізу барысында бастапқы қадамдардың бірі баға түрлері мен оның критерийлерін анықтау екендігі түсінікті. Жоғарыда аталған елдердің тәжірибесін талдай отырып, үшеуіне де тән заңдылық өлшем ретінде мына критерийлерді алғандығын байқадым, біріншіден, баға оқушы

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: