Өзгеріс не үшін керек

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

ның танымдық іс-әрекетінің нәтижесін байқауға бағытталғандығы, екіншіден, оқушының тұлғалық ерекшеліктеріне мән беретіндігінде (әсіресе, ойлау немесе сөйлеу дағдылары инклюзивті орта құруда ерекше мәнге ие болады), үшіншіден, баға оқыту үдерісінің тәрбиелік функциясын жіті қадағалауында ұстайтындығы баға өлшемдерін сипаттай алады. Сонымен қатар әр мектепке өз бағалау өлшемін қалыптастыруға еркіндік берген жөн деп есептеймін. Алайда ұлттық деңгейде жалпыға ортақ бағалау шәкілі орнауы тиіс. Мәселен, бастауыш сынып оқушылары үшін сандық бағалаудан гөрі сипаттамалық қалыптастырушы баға олардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшелігіне еш нұқсан келтірмесіне мен сенімдімін. Білім, білік, дағдыларды қалыптастыруда алғаш қадам жасаған балаға ресми баға қою оның ынтасын тежеп, бойына тек білімге деген жеккөрініштілік, қорқыныш, үрей ұялатуы мүмкін. Ал жоғары буын сыныптарында бағалау нәтижесі, менің ойымша, практикалық мақсаттарды көздеуі тиіс. Мысалы, 11-сыныптың түлегі өзінің болашақ кәсібі туралы бағдар алуына бағалау жүйесі оң ықпалын тигізуі тиіс. Аталған өзгерістердің өз мектебімде жүзеге асырылуы қаншалықты қажет әрі тиімді деген сауал жауабы осы мәселе төңірегінде үлкен дау тудыруы мүмкін. Себебі дәстүрлі бағалау жүйесіне әбден машықтанған әріптестерім ол жайлы терең теориялық білімге сүйенген ақпараттар қорын игеруі тиіс. Өзгеріс қажеттілігінің себептері әрине мектептің ахуалына тікелей тәуелді. Менің мектебімнің күнделікті өміріндегі өзекті әрі шешімі күттірмес проблемалар тізбегіне тоқталсам, біріншіден, мектептің білім сапасы сын көтермейді, оқушылардың ынтасын қолдайтын механизмдер жоқ, екіншіден, мектебіміздің ауыз толтырып айтарлық жетістіктері жоқтың қасы. Мысалы, пәндік олимпиадалар бойынша аудан немесе облыс деңгейін бағындырған оқушыларды мектеп тәрбиелей

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: