Өзгеріс не үшін керек

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

10-керемет, 9-өте жақсы, 8-жақсы, 7-жеткілікті жақсы, 6-орташа көрсеткіш, 5-көнуге боларлық, 4-нашар(6). Оқушы жетістігін жоғары сыныпта бағалау кері байланыс ретінде қабылданып, төмендегі міндеттерді көздейді: оқушыға оқу жетістіктері жайлы ақпарат беру, мұғалімге оқу үдерісін басқаруға қолдау жасау, ата ананы хабардар ету. Оқушының сабаққа қатыспауы немесе емтиханда толтырылмаған жауап беру парағын өткізуі оқушының үлгерім деңгейін көрсетпейді. Мұндай жағдайда модуль бағаланбай, оқушы бюллетеніне тек "К" (курс аяқталмады) деген ұйғарым жазылады. Егер модуль толығымен қамтылмаған болса, "U" (толық емес модуль) белгісі қойылады. Практикалық модульдерді бағалау "S" (қабылданды) белгісімен есепке алынады. Модульді екі мәрте тапсыра алмаған оқушы оны жалғастыруға мүмкіндік алмайды. Сонымен қатар төмен баға алған оқушы қорытынды бағалауды қайта қарауды талап ете алады. Мұғалім бағасы дұрыс емес деп табылса, оқушы модульді қайта жалғастыруға қақы бар. Сонымен фин тәжірибесіне талдама жасау арқылы әлемдегі оқу мәдениеті ең жоғары елдің бағалау жүйесін зерделеп, оның бастапқы мақсаты оқушының сабаққа деген ынтасын көтеру екендігіне көз жеткіздім. Ендігі кезекте бағалау жүйесінде ғана емес, сонымен қатар білім беру жүйесінде айтарлықтай толағай табыстарға жеткен Сингапур мемлекетінің үлгісін талдауды жөн көрдім. Осы карлик мемлекет мені несімен қызықтыра алды? Ғасырлар бойы өзге елдің отарлық езгісінде бола отырып, өздерінің ұлттық құндылықтарын сақтап қана қоймай, әлемдік деңгейді үлгілік жобаға айналды. Оқушыларға мектепте қосымша спорт,шығармашылық іс-әрекеттерге көп көңіл бөлінеді. Барлық білім жүйесі әлемге ашық топта жұмыс істей алатын көшбасшыларды тәрбиелеуге бағытталған. Сыныптың тығыздығы 40 балаға дейін екен. Мұғалім сабақты сегіз топқа

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: