есімнің тіліміздегі ең жиі қолданылатын сөз табы екенін аңғарулары тиіс. Сөйлемдер құрастырған кезде де олардың ішінде заттың атын білдіретін сөздердің көп екенін байқайды.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Берілген суретте әртүрлі заттар бейнеленген және суреттерге қарап ойланып тұрған балалардың суреті берілген. Балалар бұл суреттерде тек қана заттар бейнеленгенін байқауы тиіс және осы заттардың әрқайсысының өзіне тән атауы бар екенін айтады. Ол атаулардың заттың атын білдіретін сөздер екенін естеріне түсіреді. Әр заттың атын атап, сұрақ қойғаннан кейін ол заттардың атын топқа бөліп жазады. Ары қарай тағы қандай топқа бөлуге болатынын ойланады. Балалар әртүрлі нұсқалар ұсынуы мүмкін. Оқушылар өзері кімнің нұсқасы дұрыс екенін анықтайды. Сол арқылы заттың атын білдіретін сөздерге кім? не? Сұрақтарының қойылатынын қайталайды.
Бұл қайталау сабағында балалар нақты заттардың атын атау арқылы ғана заттың атын білдіретін сөздерді табады. Құбылыстың, көңіл күйдің т. б. , яғни абстрактілі зат есімдерді сөйлем ішінен табу сияқты тапсырмалар берілмейді.
2-жаттығу. Өлең жолдарынан заттың атын білдіретін сөздерді табу қиындық келтіре қоймайды. Жаттығу арқылы не? Деген сұрақтың қандай сөздерге қойылатыны тағы бір рет анықталады. Сабақтың жаттығулары күз тақырыбына арналған, мұғалім кіріспе бөлімде айтылған күз мезгілінің ерекшеліктері, күзгі еңбек туралы әңгімелерді қорытындылайды.
3-жаттығу. Оқушылар өз беттерінше орындай алады.
4-жаттығу. Жұрнақ, туынды сөз туралы ешнәрсе айтылмайды, не? Деген сұраққа жауап беретін сөздердің мағынасына сүйене отырып, кім? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып жазады.
5-жаттығу. Заттың атын білдіретін сөздердің жекеше, көпше түрлері болатынына назарларын аудару үшін берілген. Жекеше, көпше түрде берілген сө
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>