жазу барысында үй жануарлары мен хайуанаттарының да аты бас әріппен жазылатынын біледі.
4-жаттығу, 5-жаттығу. Жер-су аттарының жазылуымен таныстыруға арналған жаттығу. Берілген жер-су аттарын топтап жазуға үйренеді.
6-жаттығу. (ерекше назар аударуды қажет етеді). Оқушылар екі бағандағы берілген сөйлемдерді салыстырады. Олар қарамен жазылған түлкі сөзінің бірінші бағанда кіші, екінші бағанда бас әріппен жазылғанын бірден өздері анықтағаны дұрыс. Бірінші сөйлемде жалпы түлкі деген аң туралы айтылады, ал екінші сөйлемде Түлкі ертегінің кейіпкері ретінде алынып тұр. Оқушылар ертегілерді көп оқиды, олардың мазмұнын жазады, сондықтан бұл жөнінде білгені дұрыс.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздерді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: заттың қимылы туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, толықтыру
Дамытушылық мақсаты: сөйлем ішінен заттың қимылын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қоя білу
Тәрбиелік мақсаты: сауаттылыққа тәрбиелеу, жолда өзін дұрыс ұстауға дағдыландыру
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақ бойынша алған білімдерінің деңгейі тексеріледі. Білімінде өткен таөырып бойынша олқылықтары бар балалармен жұмыс жүргізіледі.
І
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>