дыбыстарды сөз ішінен табу сияқты жұмыстар жүргізіледі.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздерді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: заттың атын білдіретін сөздер туралы бірінші сыныпта алған білімдерін қайталау, пысықтау
Дамытушылық мақсаты: сөйлем ішінен заттың атын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қоя білу
Тәрбиелік мақсаты: сауатты жазуға дағдыландыру
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: заттық суреттер, күз көрінісін бейнелейтін суреттер, карточкалар
Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап, жаттығу, әңгімелесу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Жуан, жіңішке айтылатын сөздер жазылған карточкалар үстел бетіне теріс қаратып жайылады. Тақта алдына шақырылған оқушылардың әрқайсысы бір карточкадан алады. Оларға сөздердің жуан, жіңішке айтылуына қарай екі топқа бөлініп тұру тапсырылады. Қай топ дұрыс, тез жинақталса, сол топ жеңеді. Содан соң әр топ сөздердің неге жуан немесе жіңішке айтылып тұрғандығын дәлелдейді.
ІІІ. Қайталау сабағы.
Бұл күнгі сабақ күз мезгіліне арналған. Сондықтан күз көрінісін бейнелейтін немесе күзгі еңбек туралы суреттермен жұмыс жүргізуге, тіл дамыту жұмыстарын жүргізу үшін әңгіме құратуға болады. Сурет бойынша әңгіме құрастырмас бұрын ол жерде қандай заттардың бейнеленгенін айтып, оларғы сұрақтар қояды. Сөйтіп, осы тақырыпқа қатысты берілген ұғымдарды еске түсіреді. Олар затардың атауларын атай оырып, зат
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>