Зат есім

Страницы: <<  <  59 | 60 | 61 | 62 | 63  >  >>

сабақты түсіндіру.
Тақтаға бірнеше сурет ілінеді. Оқушылар сол заттардың атауларын айтады. Осы заттар туралы әңгімелейді, осы арқылы әр сөздің мағынасы болатынына көздері жетеді. Сөздер жазылған карточкамен жұмыс жүргізуге болады. Сөздерді мағынасына қарай топтау ұсынылады. Мысалы, түсі бойынша; заттың атауын білдіретін сөздер; қимылды білдіретін сөздер; заттың санын білдіретін сөздер, т. б.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу сөздің мағынасын ашуға арналған. Оқушылар суретте бейнеленген заттардың атауын айтады. Әр заттың атауының мағынасы болатынына назарларын аударады. Ол сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөздердің дыбыстан құралатынын және ол сөздердің мағынасы болатындығы туралы қорытынды жасайды.
2-жаттығусөйлемнің мағынасы болу үшін қандай сөзді таңдау керек екенін анықтауға арналған. Көп нүктенің орнынан неге осы сөзді таңдағанын өздері дәлелдейді.
3-жаттығуғаберілген жұмбақтың шешуін тапқаннан кейін оқушылардың күнделікті сөздік қорларында кездесе бермейтін жар, кірді ашады сөздерінің мағынасын түсіндіру тапсырылады. Оқушылар түсіндіре алмаған жағдайда мұғалім мысалдар келтіре отырып, осы сөздердің мағынасын ашуға көмектеседі. Жар - түсінік беру. Кірді ашады - кірін кетіреді.
4-жаттығудаберілген сөздерді мағынасына қарай топтап жазу арқылы жаңа тақырып бойынша алған білімдері бекітіледі.
5-жаттығуда берілген сөйлемдерді көшіріп жазғаннан кейін, қарамен жазылған сөздердің мағынасын оқушылар өздері түсіндіреді. Әр сөздің мағынасын түсіндіру арқылы оқушылар мағынасы жоқ сөздердің болмайтындығын ұғынады.
Түсіндірме сөздік туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыруға болады. Сөздікте барлық сөздерге түсініктеме берілетіні туралы айтып, сөздікпен жұмыс істеу ретімен таныстыру. Кейбір сөздерді сөздік ішінен тауып, олардың мағынасы қалай тү

Страницы: <<  <  59 | 60 | 61 | 62 | 63  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: