Зат есім

Страницы: <<  <  60 | 61 | 62 | 63 | 64  >  >>

сіндірілгенімен таныстыру. Осылайша оқушылардың сөздіктермен жұмыс істеуінің алғашқы дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа сабақты қорыту.
Тақтаға бірнеше сөздер жазылады. Оқушылар ол сөздердің мағынасын түсіндіреді. Мысалы, қадірлі, орашолақ, қолапайсыз, сүйкімді, ауыл-аймақ, т. б.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
4-жаттығу. 98-бет.
ҮІІ. Бағалау.














Сабақтың тақырыбы: Мәндес сөздер. (57сабақ)
Сабақтың мақсаты: мағынасы жағынан бір-біріне жақын сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; берілген сөзге мәндес сөздерді таба білуге үйрету; сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақты түсіндіру жұмысы 1-жаттығу арқылы орындалады. Алдымен екі мәтіннің мазмұнын салыстырады. Мәтіннің мазмұнында айырмашылық жоқ екенін байқайды. Салыстыру жұмысы ары қарай жалғасады. Екі мәтіннің әр сөйлемін салыстыру арқылы өзгерген сөздерді тізіп жазады: жақында, жуырда; анасы, шешесі; бөпені, нәрестені; балбырап, рақаттанып. Осы сөздердің мағынасын салыстырып, ол сөздердің қайсысын қолданса да, сөйлемнің мағынасының өзгермегенін айтады. Ол сөздерді бірінің орнына бірін қолдана беруге болатынына назарларын аудару керек.
Жаттығу толық талданғаннан кейін мұндай мағынасы бір-біріне жақын сөздердің мәндес сөздер деп аталатыны айтылады.
2-жаттығу жаңа сабақ бойынша алған білімдерін бекіту үшін берілген. Оқушыларға бірден берілген сөзге мәндес сөз тауып жазу берілмейді. Жаттығуда берілген мәндес сөздерді мағынасына қарай топтап жазады. Мысалы: абайлау, байқау: ақылды, есті; ағайын, туыс; ақсақал, қария; жүлде, сыйлық.
3-жаттығуғаберілген сурет бойынша әңгіме құрасты

Страницы: <<  <  60 | 61 | 62 | 63 | 64  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: