Зат есім

Страницы: <<  <  61 | 62 | 63 | 64 | 65  >  >>

рып жазады. Әңгімені құрастырып жазуға дайындык ретінде алдымен жаңа жыл мерекесі туралы сұрақтарға жауап береді. Әңгімені ауызша құрастыру немесе оны дәптерге жазуды сынып оқушыларының деңгейіне қарай мұғалім өзі таңдап алады. Әңгіме құрастыруға қажетті тірек сөздер берілген. Осындай жаттығулар арқылы әңгіме жазғанда мазмұнын ашу үшін мәндес сөздерді дұрыс қолдана білуге үйренеді.
4-жаттығудамәндес сөздерді теріп жазса, 5-жаттығуда қарамен жазылған сөздерге сәйкес келетін мәндес сөздерді табады.
Сабақты бекіту.
Тақтаға бірнеше сөздер жазып, ол сөздерге мәндес сөздерді табу тапсырылады. Мысалы, жуырда, сұлу, көп, ізетті, таза, кішкентай, т. б.
Сөздік диктант.
Үй, ұя, сұйық, суық, уылдырық, үйеңкі, уық, сұр, сүр, күлу, құрық, қулық, Ақтау, самұрық, қуырмаш, сүргі.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Қарама-қарсы мағыналы сөздер. (58сабақ)
Сабақтың мақсаты: қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; берілген сөздерге қарсы мағынадағы сөздерді тауып айта білуге үйрету; сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Сөз және оның мағынасы, мәндес сөздер туралы алған білімдері тексеріледі. Үйге берілген жаттығу жұмысының орындалу барысын тексере отырып, оқушылардың білім деңгейі анықталады.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Үстелдің үстінде әртүрлі үлкен, кіші, жуан, жіңішке, ұзын, қысқа, қалың, жұқа заттар қойылады. Оқушылардан заттарды салыстыра отырып, сипаттама беру сұралады. Осылайша қарама-қарсы мағынадағы сөздердің мағынасы ашылады.
1-жаттығу бойынша салыстыру жұмысын жүргізеді. Берілген қарама-қарсы мағынадағы сөздердің суретке сәйкес келетінін табады.
Оқулықта бұл тақырып

Страницы: <<  <  61 | 62 | 63 | 64 | 65  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: