раулы сөйлем қандай мақсатпен айтылады?
Марат жазық далада қой жайып жүр! Менің атым бәйгеден озып келді, алақай? Қыста аю не істейді? Қарағанды - шахтерлер қаласы? Ақбөкендер кең далада жайылып жүр? Мереке құтты болсын.
3-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаз.
Қанат, есікті қатты жапшы. Қанат, есікті жаптың ба? Рұқсатсыз біреудің затын алма. Алма алма сатып алды ма? Мерует пен Маржан қайдан келді? Бұл қай бала?
4-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз. Сұраулы сөйлемді хабарлы сөйлемге айналдыр. Қошақанның атынан балаға жауап жаз.
Қошақан.
Қарның ашып қалды ма?
Кел, көрейін, қошақан.
Жата қойшы алдыма,
Жем берейін, қошақан.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау;6-жаттығу. үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
5-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. 94-бет.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы. (56сабақ)
Сабақтың мақсаты: әр сөздің мағынасы болатындығымен таныстыру; сөздердің мағынасын дұрыс ажырата білуге дағдыландыру; сөздерді орынды, дұрыс қолдана білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсететін екі түрлі сызба арқылы өткен сабақ қайталанады.
Мысалы, Қалың орманның ішінен тәтті жидектің исі аңқиды.
Осы сөйлемдерге синтетикалық сызба жасау.
Бұл сызбалардың екеуінде де сөздердің арасындағы байланыс көрсетіледі. Біріншісінде сөздердің байланысы сұрақтар мен сызықтар арқылы көрсетілген. Ал екіншісінде сұрақсыз сызықтар бағдаршамен көрсетіледі. Бірінші сызбада сөздердің байланысы қайсысы қайсысымен байланысып тұрғаны сұрақтар арқылы көрсетілгенімен, сөздердің сөйлемдегі тәртібі бұзылған. Ал екінші сызбада сөздердің сөйлемдегі орындары сол күйінде.
Жаңа
Страницы: << < 58 | 59 | 60 | 61 | 62 > >>