спар құра білу ретін түсіндіру, шығарманың сөзден құралатыны, шығарманың алғашқы сөзін бас әріппен бастап жазып, соңына тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру; сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға үйрету.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың бірінші сыныпта алған білімдері бойынша жалпы тексеру жұмысы жүргізіледі. Оны мұғалім өз қалауынша ұйымдастыра алады.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Мазмұндамада автордың ойын айтып беруге үйрететін болса, шығармада өз ойыңды жүйелі түрде дұрыс жеткізуге даңдыланасың.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Суретке қарап, сұрақтарға ауызша жауап бер.
1. Иттің түр-сипаты қандай?
2. Адам итті не үшін асырайды?
3. Иттің ерлігі туралы әңгімеле.
4. Иттің тағы басқа қандай көмектері бар?
2-жаттығу. Тірек сөздерді пайдаланып, қысқы табиғат көрінісін суреттеп жаз.
Тірек сөздер: ақ ұлпа, шыңылтыр аяз, көңілді балалар, жылтыр мұзайдын, таза ауа, жылы киім.
3-жаттығу. "Менің досым" тақырыбына шығарма жаз.
4-жаттығу. Мектептен үйге жеткенше жол бойы жан-жағыңды бақыла. Жолдан көргендерің туралы үйден жазып кел.
Жаңа сабақты қорыту.
Шығармашылық диктант.
1. Концертке, дайындалды, оқушылар.
2. Әсел, айтады, ән, Отан, туралы.
3. Тақпақ, жаттадым, мен.
4. Болат, тартады, домбыра.
5. Концерт, қоясыңдар ма, сендер.
6. Өнерлі ме, оқушылар, сыныптарыңдағы.
7. Сыныптың, өнерлі, оқушылары.
8. Ән, Әсемнің, ғажап, айтуы.
9. Қандай, керемет, даусы.
10. Ұйып, оны, тыңдаймыз, бәріміз.
Сабақты қорытындылау.
Сабақтың тақырыбы: Шығарма жазып үйренеміз,
Сабақтың мақсаты: шығарма жазыдыртып үйрету, жоспар құра білу ретін түсіндіру, шығарманың сөзден құралатыны, шығарманың алғашқы
Страницы: << < 45 | 46 | 47 | 48 | 49 > >>