" өлеңін іштей оқуға тапсырма беріледі. Өлеңнің мазмұны сұралады.
а) Өлеңнің аты арқылы оны мазмұны не туралы екенін білуге болатындығын анықтайды.
ә) Оқулықтағы ережені оқу арқылы мәтін атауы тақырып деп аталатындығын және тақырып арқылы мәтінде не туралы айтылатынын меңгереді.
2-жаттығу орындалады.
а)Мәтінді түсініп оқуға тапсырма беріледі.
ә) Мәтіннің мазмұны айтылады.
б)Мәтіннің тақырыбы қойылады. Мәселен, "Айырбас", "Нағыз дос", т. б.
в)Мәтін неше бөліктен тұратындығы табылады (екі бөліктен).
-Бірінші бөлікте не туралы айтылған?
-Бірінші бөлікте Мырзабектің шеберлігі, оның қораптан үй жасағандығы жөне оған құрдасы Иманбектің қатты қызыққаны туралы жазылған.
-Екінші бөлік не туралы?
-Екінші бөлікте Иманбек үйді допқа айырбастап алғысы келетіндігі және Иманбектің жауабы берілген.
-Балалар, мәтіннің екі бөліктен тұратындығын қайдан білдіңдер?
-Екі бөлік те абзацтан басталады.
-Дұрыс айтасыңдар. Мәтін бірнеше бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім жаңа жолдан, яғни абзацтан басталып жазылады.
3-жаттығуды орындатуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
а)Мәтінді түсініп оқыңдар.
ә) Мәтін неше абзацтан құралған? Бірінші абзацта не туралы айтылған? (Орман және орманның пайдасы туралы). Екінші абзац ше? (Орман бағбаны туралы). Үшіншісі ше? (Орман бағбанының атқаратын еңбегі туралы).
б)Мәтінге ат қойыңдар.
в)Мәтіннің бірінші бөлімін көшіріп жазуға тапсырма беріледі.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма беру.
Үйден 4-жаттығуды орындап келу тапсырылады.
Сабақтың тақырыбы: Шығарма жазып үйренеміз,
Сабақтың мақсаты: шығарма жазыдыртып үйрету, жо
Страницы: << < 44 | 45 | 46 | 47 | 48 > >>