сөзін бас әріппен бастап жазып, соңына тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру; сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға үйрету.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың бірінші сыныпта алған білімдері бойынша жалпы тексеру жұмысы жүргізіледі. Оны мұғалім өз қалауынша ұйымдастыра алады.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Бұл тақырыпқа арналған жаттығулар алдыңғы сыныпта шығарма туралы берілген ұғымдарды еске түсіріп, жинақтау мақсатын көздейді.
1-жаттығу. Ілиястың жазған шығармасын түсініп оқы.
Бірде мектеп кітапханасында отыр едім. Артымда отырған екі оқушының әңгімесіне еріксіз құлақ түрдім.
oo Жасик, представляешь, бүгін қызық кино болады.
oo Ой, мен оны көре алмаймын. Бүгін в бассейн собираюсь.
Ана тілімізді шұбарлап отырған құрдастарыма ренжідім. Әрине, басқа тілді білген де жөн. Бірақ ең бірінші өз тіліңді құрметтеуің керек қой. Сонда ғана тілге деген қамқорлық болады.
Сондықтан замандастарыма айтарым, ана тілімізді шұбарламай таза сақтайық, ардақтайық!
Шығармаға төмендегі тақырыптардың қайсысы сәйкес келеді?
1. Екі достың әңгімесі.
2. Ана тілін ардақтайық!
3. Туған жер.
"Менің ана тілім" деген тақырыпта ойыңды қысқаша жаз.
2-жаттығу. Өз Отаның туралы үш жақсы сөз ойла. Туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді жаз. Мақалды оқып, мағынасын түсіндір.
Ел іші - алтын бесік.
3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. . "Менің анам" тақырыбына шығарма жаз.
Ана.
Сенің ең бір жақының бар. Сенің ең бір жақын досың бар. Сенің ең бір жақын ұстазың бар. Ол - ана! Сен жан болып дүниеге келдің, сенің іздейтінін бір-ақ жан. Ол - ана!
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақта
Страницы: << < 46 | 47 | 48 | 49 | 50 > >>