у.
Сөйлем. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және мәтін. (41,42сабақ)
Сабақтың мақсаты: сөйлемнің сөзден құралатыны, белгілі бір тиянақты ойды білдіретіні туралы түсінік беру; сөйлемнің алғашқы сөзін бас әріппен бастап жазып, соңына тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру; сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға үйрету.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың бірінші сыныпта алған білімдері бойынша жалпы тексеру жұмысы жүргізіледі. Оны мұғалім өз қалауынша ұйымдастыра алады.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Бұл тақырыпқа арналған жаттығулар алдыңғы сыныпта сөйлем туралы берілген ұғымдарды еске түсіріп, жинақтау мақсатын көздейді.
1-жаттығудыңтапсырмасын орындай отырып, оқушылар сөз бен сөйлемнің айырмашылығы туралы қорытынды жасайды. Әр сөйлемде қандай ой айтылып тұрғанын түсіндіреді. Сөйлемдерді ғана көшіріп жаздыртуға болады.
2-жаттығубойынша оқушылар кішкентай Айжанның жазған қағазын оқып көруге тырысады. Оны оқудың неге қиын болғанын, оның қандай ережелерді білмейтіндігін санамалай отырып, сөйлемді дұрыс құрау үшін қажетті талаптарды өздері айтады. Содан кейін осы талаптарды оқулықта берілген ережемен салыстырады.
3-жаттығу бірінші сыныпта танысқан сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілерді еске түсіруге арналған.
Жаттығу жұмысын жан-жақты талдап болғаннан кейін сөйлемнің соңына нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі қойылатыны нақтыланады.
4-жаттығу оқушылардың сөйлем туралы алған білімдерін тексеруге берілген. Сөйлемдердің аражігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойғаннан кейін тексеріліп, жаңа тақырыпты қалай меңгергендіктері анықталады. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқып, ауызша да сөйлемдердің аражігін ашып көрсетеді.
5-жаттығу арқылы берілген сөздерден байланысын дұрыс сақтап сөйлем құрастыруға дағдыланады
Страницы: << < 47 | 48 | 49 | 50 | 51 > >>